Бекайдар, бек сөзі – 1. Бекем, мықты, берік; 2. Өте, тым, аса, тіпті, айдар сөзі – 1.
Баланың төбесіне қойылатын бір шоқ ұзын шаш; 2. Құстың төбесңне өсетін жұмсақ қызыл
ет, сапар; 3. Газет-журналдарда бір тақырып төңірегінде ұдайы берілетін жағдаяттардың
жалпы атауы. Сағынай, сағын – көруге құмарту, аңсау, ай – 1. Жердің табиғи серігі, түнде
жерге жарық сәуле түсіріп тұратын аспан денесі; 2. Жылдың он екіден бір бөлігін көрсететін
уақыт өлшемі, отыз күндік мерзімі.
Поэмадағы зоонимдер яғни жылқы атауларының біразы дәл осы аналитикалық
тәсілмен жасалған. Атап айтқанда Құлагер: Кермеге қойды байлап Құлагерді,
«Маңайдан жан жүрмесін» деді сері.
Көзінен неге таса қылсын Ақан,
Іргені ат жақтағы түргіздірді.
Құла – сары мен жиреннің арасындағы жылқы түсі; кер сөзі – құла мен күрең
арасындағы жылқы түсі. Ақбақай, ақ – түс; бақай – омыртқалы жануарлар мен адам
164
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары