Key words:Musical culture of Kazakhs living in the Bayan-Ulgiy region, the first music
schools, educational institutions in the Bayan-Ulgiy region, kuishi and composers Bayan-Ulgiy
Халқымыздың ғасырлар бойы жасаған музыка мәдениеті – қазақ халқына ортақ біртұтас
рухани мұра. Кең-байтақ даланың төл перзенті болып табылатын, түркі дүниесінің қара
шаңырағында өмір кешіп жатқан Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағын мекендейтін
қазақтардың музыка мәдениетінде ерекше орын алатын рухани байлықтарының бірі – ән мен
күй. Еліміздің шығыс өңірінде калыптасқан күйшілік-әншілік дәстүрдің бір тармағы болып сана-
латын Баян-Өлгий аймағының музыкалық мұрасы аса бай және өзіндік ерекше үнімен,
орындаушылық мәнерімен ерекшеленеді.
Моңғолия үкіметі 1940 жылы Баян-Өлгий аймағын орнатты. Қазақ әкім тағайындады.
Рухани тұрғыдан айтсақ, салт-дәстүр, тіл мен дінімізге айырықша көңіл бөліп отырды. Ұлттық
театр, мәдени орда, музейлер ашылып, барлық елді мекендерде орта мектептер пайдаға беріліп,
қазақ тілінде оқу ағарту ісін жүргізді. Аймақ бойынша 43 білім беру мектебі бар.Олардың 38-
і қазақ тілінде, екеуі моңғол және тыва тілінде білім береді. Өлгей қаласында 12 жылдық бес
орта мектеп, Дарын, Билгэ Тегін орта мектебі, Бастама мектебі, Зайд мектебі, Моңғол -Түрік
біріккен лицейі бар. 12 жылдық мектептерде 2-6 сынып аралығындағы оқушыларға музыка
сабағы аптасына 2 сағаттан жүріліп отырады. Сабақтан тыс уақытта домбыра, ән, би,
фортепиано үйірмелері жүргізіліп отырады. Сонымен қатар Қобда университетінің филиалы
және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемелекетік Университетінің филиалы
жұмыс жасауда. Бұл университетте музыка мамандығын бар мектеп бітірген соң оқушылар осы
мамандыққа оқуға тапсырады. Бұл университетте музыкаға қатысты білім беріледі [1].
32
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ»
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары