39
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
көздейді. Жұмыста алынған әдістемелік нәтижелер төмендегідей мәселелерді шешуге
бағытталған:
–
оқиға болған жерді қарау хаттамасына олардың көріністерінің графикасын енгізе
отырып хаттаманы жасау әдістемесі;
–
оқиға болған жерді қарау хаттамасына компьютерлік технологияларды пайдалана
отырып, толықтыру ретіндегі сызбалар мен жоспаларды жасау әдістемесі;
–
бейнежазба материалдарындағы графикалық көріністерді оқиға болған жерді қарау
хаттамасына енгізу үшін алу және өңдеу әдістемесі;
–
«далалық жағдайда» криминалистикалық маңызды ақпаратты бекіту үшін мобильдік
жиынтықтарға қосу қажет ғылыми-техникалық құралдардың оңтайлы санын анықтау және
ұсыну [5, 218].
Осыған орай зерттеліп тұрған өзекті мәселенің құқықтық негіздеріне тиянақты
қорытынды беру үшін келесі тұжырымдар мен ұсыныстарым бар:
1. Орындалған зерттеулер компьютерлік технологиялардың тергеу әрекеттерін жүргізу
барысында криминалистикалық маңызды ақпаратты бекіту үшін толығымен қол жетерліктей
және мақсатқа сай екендігі туралы тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Оларды бұл мақсатта
пайдалану ақпаратты бекіту үрдісін жоғары сапалы деңгейге қойып, оның жеделдігін және
сенімділігін жоғарылатады. Оларды криминалистикалық маңызды ақпаратты бекіту үшін
қолданудың мақсаттылығын анықтайтын ең маңызды фактор болып оған дәлелдемелік
мәртебесін беру үшін вербалдық әрі графикалық нысанда бекіту кезінде іс жүргізушілік
нысанды сақтау үшін жағдайлар жасау табылады.
2. Жұмыста берілген криминалистикалық маңызды ақпаратты анықтаумен және
бекітумен байланысты ақпараттық үрдістердің қысқаша сипаттамасы, сонымен қатар оны
зерттеу барысында түрлерге жіктеу, ақпаратты енгізу және шығару құралдары арқылы
компьютермен өңдеудің кезекті үрдістері, санаттық аппараттың мазмұнын анықтау жұмыста
қылмыстарды тергеу және тергеу әрекеттерін жүргізу барысында криминалистикалық маңызды
ақпаратты бекіту үшін компьютерлік технологияларды пайдалану мақсаттылығының теориялық
негізділігін жасауға мүмкіндік берді. Мұндай қадамның тергеуді ақпараттандыру үрдісі
кезеңдерінің бірі болып табылатындығы атап өтілді.
3. Тергеушінің қызметін оңтайландыру және оның жұмыс орнын ұйымдастыру
тиімділігін артыру дәлелдемелерді жинаудың, зерттеудің және бағалаудың реттелген тәртібінің
болуын көздейді. Жұмыста алынған әдістемелік нәтижелер төмендегідей мәселелерді шешуге
бағытталған:
–
оқиға болған жерді қарау хаттамасына олардың көріністерінің графикасын енгізе
отырып хаттаманы жасау әдістемесі;
–
оқиға болған жерді қарау хаттамасына компьютерлік технологияларды пайдалана
отырып, толықтыру ретіндегі сызбалар мен жоспаларды жасау әдістемесі;
–
бейнежазба материалдарындағы графикалық көріністерді оқиға болған жерді қарау
хаттамасына енгізу үшін алу және өңдеу әдістемесі;
–
«далалық жағдайда» криминалистикалық маңызды ақпаратты бекіту үшін мобильдік
жиынтықтарға қосу қажет ғылыми-техникалық құралдардың оңтайлы санын анықтау және ұсыну.
Достарыңызбен бөлісу: