«жансугуровские чтения»



Pdf көрінісі
бет58/208
Дата06.01.2022
өлшемі2,06 Mb.
#11587
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   208
Байланысты:
6-2018

Key  words:  consciousness,  language  consciousness,  communicative  and  cognitive 
consciousness, anthropocentrism, ethnocentrism ,thinking, speech, language picture of the world 
 
Ежелден  барлық  ғылымдар  өз  бастауын  философиядан  алды.  Олардың  арасында  тіл 
ғылымы  да  философиямен  тығыз  байланыста  дамып  келген.  Кейіннен  тіл  ғылымы 
философиядан  бөлініп,  зерттеу  нысанын  айқындап  әртүрлі  салаларға  бөлінді.  Қазір  XXI 
ғасырдағы  тілдік  зертеулерде  тіл  ғылымын  философиялық  тұрғыда  қарау  өзектілігі  туды. 
Өйткені адамның сана-сезімі мен абстрактылы ойлау жүйесінің тікелей тілмен байланысы бар.  
Тіл  білімі  философиямен  зерттелетін  ортақ  мәселелері  жағынан  жақындасып 
байланысады  десек,  онда  оларды  байланыстыратын  ұғым  –  «тілдік  сана»  ұғымы.  «Тілдік 
сана»  ұғымына  анықтама  бермес  бұрын,  сананың  ерекшеліктеріне  тоқталған  жөн.  Осыған 
дейін  «сана»  ұғымын  философия    және  психология  ғылымдары  зерттеп,  өзіндік  теория 
қалыптастырса,  қазіргі  таңда  сананың  тілмен  байланысын  және  оларды  біртұтас  мағына 
ретінде психолингвистика, лингвамәдениеттану, когнитивті  лингвистика, социолингвистика 
сияқты тіл ғылым салалары қарастырып жүр. Дегенмен  бұл ғылымдар да «сана» ұғымының 
нақты шегіне жеткен жоқ. Оның себебі бұл ұғымның күрделі табиғатынан болса керек.  
Философиялық  сөздікті  сана  ұғымына  мынадай  анықтама  береді:  «Сана  –  объектівті 
шындықты  бейнелеудің  адамға  ғана  тән  жоғарғы  формасы,  оның  дүниеге  және  өзіне 
адамдардың  қоғамдық-тарихи  қызметінің  жалпыға  бірдей  формаларының  жанама  түрдегі 
қатынасының  тәсілі.  Сана  объективті  дүниені  және  өзінің  жеке  болмысын  ой  елегінен 
өткізуге белсене қатысатын адамның психокалық процестері бірлігін көрсетеді. Ол адамның 
еңбек,  қоғамдық-өндірістік  қызметі  процесінде  пайда  болады  және  сананың  өзі  сияқты 
байырғы тілмен айтарлықтай байланысты...» [1, 371]. 


 
41 
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»  
материалы республиканской  научно-практической  конференции  
7 декабря 2018
 
г. 
 
 
Психологияда «сана» ұғымы «психика дамуының жоғары сатысы, мидың бір бөлшегі. 
Ол  адамдардың  қоғамдық-тарихи  әрекетінің  жалпыға  бірдей  формаларымен  сипатталатын 
объективтік әрекетке қатысты адамға тән амал. Сана  – әлемнің объективтік заңдылықтары, 
қасиеттері  мен  мүмкіндіктері  жайлы  біліммен  дүниеге  деген  көзқарас»  –  деп  түсіндіріледі. 
[2, 361-362 ].  
Психологиялық  тұрғыдан  да,  философиялық  тұрғыдан  да  «сана»  ұғымы  адамға  тән 
құбылыс.  Ол  адамның  әлем  жайлы  түсінігінен,  танымынан,  бейнесінен  тұрады.  Бірақ  сана 
жеке адамға ғана мәлім, екінші біреуге құпия нәрсе. Оның заттануы, екінші біреуге түсінікті 
болуы  тіл  арқылы  жүзеге  асады.  Осыдан  тіл  мен  сана  тәрізді  күрделі  ұғымдар  «тілдік 
сананы»  туғызады.  Тілдік  сана  адамның  дүниеге  келгеннен  пайда  болып,  өмірінің  соңына 
дейін  толығып  қалыптасады.  Ресейлік  психолог,  психолингвист,  профессор,  академик 
Т.Н.Ушакова  тілдік  сана  жас  сәбидің  алғашқы  жылауынан,  гуілдеуінен,  дыбыстауынан 
бастау алатынын айтады. Ғалымның пікірінше, жас сәби әртүрлі дыбыстарды шығару, яғни 
жылау  арқылы  өзінің  психикалық  жай-күйін  (қарны  ашқанын  немесе  ауырғанын, 
қорыққанын) білдіріп, санасында жатталған адамдар мен бейнелерді көргенде гуілдеп, күліп 
санадағы  түсініктер  мен  ақпаратты  білдіре  бастайды.  Бұл  –  тілдік  сананың  ең  бастапқы 
бейвербальді формасы [3,9]. 
Тілдік сана ұғымы лингвистикаға енген жаңа термин болғандықтан тіл  мен сананың, 
тіл  мен  танымның,  сөйлеу  мен  сананың  байланысын  ғалымдар  әр  салада  қарастырған. 
Мәселен, тілдік сананы психолингвистикалық бағытта Л.С. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. 
Рубинштейн, А.А. Леонтьев, Л.В. Сахарный, Е.Ф. Тарасов, А.А. Залевская, Ю.Н. Караулов, 
Р.М. Фрумкина, Н.В. Дмитрюк, И.А. Стернин, З.Д. Попова, Р.С. Немов, В.П. Белянин, М.И. 
Лазариди,  және  т.б.  қарастырса,  концептуалды-когнитивті  бағытта  Д.Н.  Шмелев,  А. 
Мельникова,  Е.С.  Кубрякова,  В.А.  Маслова,  А.Е.  Карлинский,  Г.Г.  Гиздатов,  ал 
лингвомәдениет  тұрғысынан  А.М.  Верщагин,  В.Г.  Костомаров,  В.В.  Воробьев, 
социолингвистика  мен  этнолингвистикалық  бағытта  Ю.Д.  Дешериев,  А.Д.  Швейцер,  Л.Б. 
Никольский,  Б.А.  Серебренников,  А.С.  Герд,  А.О.  Орусбаева,  М.К.  Исаев,  Б.Х.  Хасанұлы, 
Г.Г.  Гиздатов,  Э.Д.  Сулейменова,  З.К.  Ахметжанова,  А.Р.  Бейсембаев,  Д.М.  Кистаубаева, 
А.К.  Калжанова,  Г.И.  Абрамова,  К.М.  Абишева,  С.Ж.  Баяндина,  Д.Д.  Шайбекова,  В.Д. 
Нарожная,  Р.  Османова,  М.Ю.  Шингарева  және  т.б.  Ғалымдардың  аталмыш  мәселені  жан-
жақты талдауы арқылы «тілдік сана» ұғымының күрделілігін байқауға болады. 
Жалпы  тілдік  сана  ұғымын  ең  алғаш  XX  ғасырда  В.фон  Гумбольдт  еңгізген.  Ғалым 
сананың  тілдегі  көрінісін  сананың  сөйлеу  процесіндегі  ойды  сөзге  рефлексті  түрде  
айналдырып жеткізу мүмкіндігін айтқан [4,41-43].   
1993 жылы жазылған «Язык и сознание: парадоксальная рациональность» атты  тілдік 
сана  және  оның  өзекті  мәселелеріне  қатысты  алғашқы  коллективті  монографияда  Е.Ф. 
Тарасов  тілдік  сана  мен  сана  ұғымдарына  бірдей  анықтама  беріп,  оларды  феномен  деп 
қабылдаған.  Кейіннен  2000  жылы  Е.Ф.  Тарасов  тілдік  сананы  санадан  ажыратып,  оған 
мынадай  анықтама  береді:  «Тілдік  сана  –  санада  тілдік  құралдардың  (сөздер,  еркін  және 
тұрақты  тіркестер,  сөйлемдер,  мәтіндер,  ассоциативті  өрістер,  ассоциативтік  тезаурустар) 
көмегімен жинақталған бейнелер» [5,24]. Қазіргі Мәскеулік ғылыми мектептерде тілдік сана 
ұғымын Е.Ф. Тарасовтың анықтамасы бойынша түсіндіреді. 
1993  жылы  А.А.  Леоньтевті  де  «тілдік  сана»  термині  қызықтырып,  назарын 
аудартады.  Ол  «тілдік  сана»  сөз  тіркесіндегі  «тілдік»  сөзіне  ерекше  тоқталып  өтеді. 
Ғалымның  пікірінше  «тілдік»  сөзі  лингвистиканың  дәстүрлі  зерттеу  объектісі  «тілге» 
қатысты емес. Яғни тілдік сана ол тілдің ерекшеліктерін қарастыратын термин емес. Оның 
мағынасы  одан  да  кеңірек  екенін  атап  өтеді.  А.Н.  Леонтьев  сананы  «қоғамдық  тұрғыдан 
қалыптасқан  тілдік  мағына,  ұғымдар  арқылы  санада  түсінілетін  ақиқаттың  көрінісі»  деп 
анықтайды.  Ол  «тілдік  сана»  ұғымын  «әлем  бейнесі»  ұғымымен  салыстырып,  «әлем 
бейнесін»  «адам  психикасындағы  заттық  мағыналар  мен  сәйкес  когнитивтік  сызбалар 
арқылы және саналы рефлексияға бағынатын заттық әлемнің бейнеленуі» ретінде анықтайды 
[6, 232]. 


 
42 
  
 
 
 
 
 
 
 
     
«ЖАНСҮГІРОВ ТАҒЫЛЫМЫ» 
республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары
      
7 желтоқсан 2018 ж

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет