жайындағы мәліметтер санамызға келіп- кіретін бірден-бір қақпалар болып табылады.
Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы
жүзеге асырылады.
Ұғым, пікір, ой тұжырымы логикалық (рационалды) танымның негізгі формалары
болып табылады. Олар арқылы зерттеліп отырған заттың мәнін ашамыз. Ойлаудың бұл
формалары адам психикасының (жан әлемінің) заттар мен құбылыстардың өзіндік бар
немесе болуға тиісті болмысы мен мазмұнын білдіретін саласы, әрине, ол құбылыстар тек
сыртқы нәрселер ғана емес, адамның өз жан дүниесінің көріністері де. Олар олай болса
құбылыстардың қандай, қалай, не (кім) екендігін жәнеде тиістілігін анықтауға бағытталған.
Ойлаудың негізгі формалары - пікір, ұғым және түйіндеу (ой тұжырымы) [2, 89 б.].
Абайтанушы ғалым Қ.Жұмалиев: «Абайдың табиғат, ел өмірі, сүйіспендік, өнер,
ғылым тағы басқа өмірдің әртүрлі салаларына арналған сұлу лирикаларымен қатар, өз
кезегіндегі шет көрген мінез-құлықтарды қатты сынаған улы сатираларымен қатар, өз
кезеңіндегілерге сабақ, кейінгілерге үлгі ретінде айтқан өлеңдерінің идеялық мазмұны,
характері ақыл, нақыл сөздерді керек етті» деген пікірінен Абай афоризмдерінің тақырып
аясын аңғарамыз. Осы ретте даналық ақыл беретін мысалдарына талдау жасасақ [3, 317 б.].
Ұлы ақынның тілдік тұлғасы дидактикалық, тәрбиелік мәндегі қара сөздерінде
барынша ашыла түседі, өйткені қарасөздерінің жазылу мақсатының өзі тілдік тұлға
болмысынан келіп шығады.
Абай отыз жетінші қара сөзінде нақыл сөздерді тізеді. Нақылдардың барлығы
дерлік адам бойындағы адамшылық қасиеттерді ардақтауға бағытталған. "Адамның
адамшылығы істі бастағандығынан білінеді, қалайша бітіргендігінен емес", – дейді Абай.
Жалпы, қара сөзде ақын адам бойындағы қайратсыздық, заманның адамға әсері,
білімге талпыныс, достық, тіленшілік, білгенді үйрету сынды тақырыптарды қозғайды.
«Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның замандасының бәрі
виноват», – деп әр адамның заманға, заманның адамға әсерін сөз қылады. Абай заманды
қалыптастыратын адамдардың өздері екендігін, сондықтан, әркім өз танымын дамытуға, өзін
тәрбиелеуге күш салуы керектігін меңзейді.
«Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген
кісінің тілін кесер едім», – деп, адамның кез келген уақытта өзін қолына алып, түзете
алатындығын айтады.
«Бақпен асқан патшадан
Мимен асқан қара артық;
Сақалын сатқан кәріден
Еңбегін сатқан бала артық», – деп, білімге құштарлықты, адал еңбекті насихаттайды.
Абай, осылайша, қара сөзінде қоғамдағы олқылықтарды сынап, ұрпаққа,
замандастарына жақсылыққа апарар жолды меңзеп, әсер етуге тырысады.
Ойшыл ақын халықты оқу-білімге үндейді:
«Малды сарып қылып, ғылым табу керек.
Өзіңе табылмаса, балаң тапсын.
Ғылымсыз ахирет те жоқ, дүние де жоқ.
Ғылымсыз оқыған намаз, тұтқан ораза, қылған қажылық ешбір ғибадат орнына
бармайды», - дейді [3, 144–145 б.].
Адамзат қоғамы пайда болғалы – ұрлық, бұзақылық жойылмай келе жатқан жат
қылықтар. Абай заманында осындай жолсыздықтар жаңбырдан кейін қаулап шығатын
саңырауқұлақ сияқты қаптап кетті.
Абай: «Ғұмыр өзі – хақиқат. Қай жерде ғұмыр жоқ болса, онда кәмәлат жоқ», - дейді.
Нақтылы ой. Бар мәселенің кілті – ғұмыр. Тек ғұмыр болған соң ғана, өзге нәрселер туралы
мазмұнды әңгіме жасауға болады [3, 199 б.].
Абай қай өлеңінде немесе қай қара сөзінде болсын қулықты, зұлымдықты, арамдықты
дәріптемеген. Керісінше, сондай жаман қасиеттерден жұртты жирендіріп, адалдыққа,
имандылыққа тәрбиелеген.
47
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Ол отыз сегізінші сөзінде былай дейді: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе
бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық деп
білесің.
Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешнәрсені оларсыз біліп болмайды.
Білімсіздік хайуандық болады.
Еріншектік – күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық,
кедейлік бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан
бөлінеді, бір жыртқыш хайуан хисабына қосылады» [3, 207 б.].
Абай өлеңдеріндегі афоризмдерге тоқталсақ:
«Жаманға жүзің салма,
Малды екен деп.
Жақсыдан қолыңды үзбе,
Жарлы екен деп»,
«Өнерлі жігіт өрде озар,
Өнерсіз жігіт жер соғар», -деп кімнен қашып, кімнен қол үзбеу керектігін айтса,
соңында ол да жоқ. Өнерлі жігіт пен өнерсіз жігіт туралы өзінің бақылай келе қорытқан
пікірін айтады. «Мынаны ал, ананы алма» демейді.
«Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан». [4, 158 б.]
«Егіннің ебін,
Сауданың тегін,
Үйреніп, ойлап мал ізде.
Адал бол, бай тап,
Адам бол, мал тап,
Қуансаң, қуан сол кезде.
Біріңді, қазақ, бірің дос,
Көрмесең, істің бәрі бос...» [4, 96 б.]