69
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
айтыстың келер жылында», - деген сөздерге сүйеніп, авторы Жүсіпбек қожа дейді. Ал
баспадан 1898, 1900 жылдары шыққан айтыс мәтінінде мұндай сөздер мүлде жоқ.
Енді осы Жүсіпбекке жеке тоқталсақ, мынадай қызғылықты фактілерге ұшырасымыз.
Сараның аты Жүсіпбек қожаның құлағына жетіп, 1896 жылы Сараны іздеп келіп, айтысты өз
аузынан жазып алады.Ілиястың «Күйші» деген поэмасындағы Кенесарының қарындасы
Қарашаш болғандықтан, Ұлы жүз нағашы жұртым деп, жиі келетін. Ілиястың поэмасындағы
Кенесары ханның Арқадан Алатауға ауған жылында Жалайырдың ішіндегі дулаттардың
ортасында отырып, қарындасы Қарашашты Шайхыұлы Исламға ұзатып кеткен.Шайхыұлы
Ислам арға атасы араб нәсілді қожа да, Қарашаш болса қазақ қызы.Сол себептен,
Қарашаштан туған Жүсіпбек қазақтарды, солардың ішінде Ұлы жүз руларын нағашым деп,
қазақтар оны Жиенқожа деп атаған.
«Күйші» поэмасының қозғайтын негізгі мәселесі қазақ халық күйлерінің – күй
өнерінің ғажайып сыр-сипатын, қоғам, адам өміріндегі ерекше рөлін көрсету десе де
болғандай. Міне, осы бір халықтың рухани байлығын тіл өнерімен әсерлі толғаған ақын
поэмасында сол құдіретті өнерді жасаушы авторын да үнемі есте ұстап отырады. Ақын
ғасырлар бойы жасалған рухани байлық – күй өнерін жасаушы халық, халықтың дана
дарыны деп дұрыс түсінеді де, сол халықтың нақтлы өкілі ретінде үйсін руынан шыққан
күйші жігітті алады. Күйші жігіт те поэманың орталық кейіпкері. Ұнамды кейіпкер.
Ілияс Жансүгіровтің «Күйші» поэмасының көркемдік сапасы аса жоғары. Сонымен
қатар, идеялық мазмұны да терең. «Күйші» кезінде де, кейін де идеялық қадір-қасиетімен
жарқырап көзге түседі. Қазақ поэмаларының тарихындағы аса көрнекті туынды ретінде бүкіл
жұршылыққа кеңінен танылған, оның халықтық шығарма – асыл рухани байлық екені хақ.
Сондықтан да, «Күйші» поэмасы Ілияс талантының шарықтаған шағының тамаша
туындысы.
Достарыңызбен бөлісу: