v БӨ ЛІМ ОҚыЛыМ 1. Сұрақтарға жауап беріңіз. Сіз қандай адамсыз? 1. Бүгін сіздің туған күніңіз. Сіз:
А)
достарыңызбен түнгі клубқа барасыз
Ә)
достарыңызбен мейрамханада тамақтанасыз
Б)
үйде теледидар көресіз
2. Сенбі мен жексенбіде ауа райы керемет болып тұр. Сіз:
А)
отбасыңызбен, достарыңызбен табиғатқа шығасыз
Ә)
басқа қалаға барып демаласыз
Б)
үйде газет-журнал оқисыз
3. Жұмыста түскі үзіліс. Сіз:
А)
достарыңызбен кездесіп, фитнесклубқа барасыз
Ә)
жұмысыңызға жақын жерде серуендейсіз
Б)
жұмыс орныңызда тамақтанасыз
4. Сіздің кезекті жазғы демалысыңыз. Сіз:
А)
достарыңызбен күнде түнгі клубқа, кинотеатрға барасыз
Ә)
басқа қалаларды, мемлекеттерді аралайсыз
Б)
жағажайда демалып жатасыз
5. Демалыс кезінде дүкен араладыңыз. Сіз не сатып аласыз?
А)
әдемі киімдер
Ә)
өзіңіз барған қала, мемлекет туралы кітап
Б)
балмұздақ