Геоморфология



Pdf көрінісі
бет9/22
Дата06.01.2022
өлшемі241,31 Kb.
#11704
түріБағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4, 5)

№ 4 Тақырып Бедердің планетарлық пішіндері және олардың жер қыртысы 

құрылымдарымен байланысы

.

Жоспар

:

1. Планетарлық пішіндердің пайда болуы.

2. Планетарлық пішіндердің түрлері. 

3. Планетарлық пішіндердің жер қыртысы құрылымдарымен байланысы




Платформа (фр. plate –   жайпақ,   forme   —   форма)   —   геологияда   қозғалмалығы

біршама  аз, жазық немесе  үстірт  тәрізді  бедерлі,  екі жікқабатты  құрылымдық қабаттан  –

іргетастан   және   шөгінді   тыстан   тұратын   жер   қыртысының   кең   ауқымды   атырабы.   Жер

бетінде іргетастық көрініс беретін бөліктерді қалқандар дейді. Шөгінді тыспен көмкерілген

тұстарын тақта деп атайды. Архей мен протерозойда қалыптасқан ежелгі платформа (Шығыс

Еуропа,   Сібір)   және   ігретасы   палеозой   мен   мезозой   тау   жыныстарьшан   құралған   жас

платформа   (Батыс   Сібір,   Скиф,   Тұран)   деп   ажыратылады;   кристалды   тақтатастардан,

гнейстерден, эффузивті жыныстардан және тағы басқалар. күшті метаморфозданған архейлік

жыныстардан құралған жер қабығының көлемді берік алабы. 

Ол тек эпейрогендік қозғалысқа ғана ұшырап, не жоғары көтеріліп, не төмен түсуі

мүмкін.   Төмен   түскен   жағдайда   платформаның   үстін   горизонтальды   теңіз   шөгінділері

жабады. Сонымен, метаморфозды жыныстар не жер бетінде, не ертеде шөгінді жыныстармен

жабылған   тереңдіктерде   кездеседі.   Сондықтан   платформаға   өзінің   фундаменті   мен   оны

жауып жатқан шөгінді жыныстар құрамдарының бір-біріне түгелдей ұқсамауы және шөгінді

жыныстардың   бұзылмай   қабатталып   жатуы   тән.   Мысалға   Орыс   платформасы   мен   Батыс

Сибирь   ойпатын   алуға   болады.   Қазақстанда   оған   Торғай   даласы   мен   Ертіс   бойы   жатуы

мүмкін. 

Платформа —   баяу   тектоникалық   режиммен   сипатталатын   литосфераның   негізгі

құрылымдық   элементінің   бірі.   Платформалар   жылжымалы   және   тұрақты   болып   бөлінеді.

Платформаның ауданы млн-даған км², пішіні изомерлі, полигонды болып келеді. Платформа

терминін алғаш 1932 ж. А.Архангельский (1879 — 1940) қолданған. Платформалар тысының

қалыптасуы   кезінде   төменгі протерозой мен палеозойдыңбасында   режим   басым   болды,

карбонаттық   шөгінділер   жиылды,   негізді   және   ультранегізді   интрузиялар

дамыды. Мезозойдың соңы   мен   кайнозойдың   басында   Платформаларда   шөгінді   жиылу

аймақтары   күрт   қысқарып,   күшті   тектоник.   қозғалыстар   болуының   салдарынан   ірі

көтерілімдер мен терең ойыстар (Каспий маңы, Вилюй, т.б.) жаралды.

Іргетастың   жасына   байланысты   Платформалар көне және жас деп   бөлінеді.   Көне

Платформалардың (Шығыс Еуропа,  Сібір, Солтүстік  Америка,  Оңтүстік Қытай, Үндістан,

Австралия,   Африка-Арабия,   т.б.)   іргетасы   кембрийге   дейінгі   тау   жыныстардан,   ал   жас

Платформалар   (Батыс   Сібір,   Солтүстік   Қазақстан,   Торғай   ойпаңы,   Кавказ   алды,   Батыс

Еуропа)   жарылыстары   мен   гранит   интрузиялары   аз,   метаморфизмі   баяу   палеозой,   кейде

жоғары   кембрий   тау   жыныстарынан   құралған   (қ.   карта).   Платформа   екі   құрылымдық

қабаттан:   метаморфталған   шөгінді   және   жанартаутекті   формациялар   құратын   іргетас   пен

Платформа тысы деп аталатын жоғарғы құрылымдық қабаттан (орташа қалыңдығы 3 — 4 км)

тұрады.   Мұндағы   тау   жыныстары   жайпақ   тасты   және   өлшемдері   әр   түрлі   көптеген

Платформалық   құрылымдармен   күрделіленген.   Кей   жерлерде   жас   Платформаларда   кең

таралатын   территекті   және   жанартаутекті   тау   жыныстары   дамыған,   іргетас   пен   тыс

аралығында болатын өтпелі құрылымдық қабат кездеседі.

Платформаларда   магмалық   әрекет   геосинклиндерге   қарағанда   нашар,   магматизм

өнімдері   біркелкі,   негізінен базальтмагмасының   туындыларынан   тұрады.   Платформалар

ауқымындағы   гравитациялық   аномалиялардың   амплитудасы   мен   градиенті   аз   мөлшерде

болады.   Платформалардың   сейсмикаық   белсенділігі   төмен,   тек   ірі   жарылымдар   мен

геосинклиндерге  жақын жерде  жоғарылау болады. Платформа  қалқандар мен тақталардан

тұрады,   ал   олардың   құрамында   бірқатар   ұсақ   құрылымдар   болады.   Бұл   элементтер   жер

қыртысының қалың қабатты (30 — 40 км) және гранитті қабаты бар Платформаға тән. Оны

«көтерілген кратон», құрамында гранитті қабат болмайтын, қалыңд. 5 — 7 км-дей мұхиттық

Платформаларды   «төмен   батқан   кратон»   немесе   «талассократон»   деп   атайды.

Геоморфологиялық тұрғыдан оларға ойпаттар, қайраңдар, шамалы көтерілген жазықтар мен

шоқылы алқаптар сай келеді. Қазақстанда Шығыс Еуропа Платформасының оңтүстік шеті

(Каспий   маңы   синеклизасы),   Тұран   плитасының   біраз   бөлігі, Батыс   Сібір

плитасының оңтүстік бөлігі жатыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет