Экономикалық дағдарыс -жекелеген елдер мен әлемнің жалпы экономикадағы
шаруашылық қызметі бұзылуының кезеңдік қайталануы.
Экспроприация - күштеу арқылы біреудің меншігін тартып алу.
Экстенсивтік әрекет - интенсивтікке қарсы сандык өзгерістермен байланысты.
Элита - қоғамның, топтың ерекше көзге түскен өкілдері. Қанаушы қоғамда
үстем таптың немесе оның жекелеген топтарының жоғарғы тобы.
Эмиграция - (лат. қоныстану, кешу). 1) әртүрлі жерлерге байланысты бір елден
екінші елге қоныс аудару.;СХ-ХХ ғасырда кең тарады; 2) кез келген бір
елдегі эмигранттар жиынтығы.
Эпоха - гр. тоқтау - өзіне тән бір жеке ерекшеліктерді иеленетін мәдениет,
ғылым, қоғам, табиғат т.б дамуындағы уқыт аралығы.
Этнография - 1) халықтарды зерттейтін тарихи ғылым, сонымен қатар олардың
тұрмысы мен мәдениетін зерттейді. Термин халықтану дегенді білдіреді.
Этнография, археологиямен, антропологиямен, географиямен және тіл
білімімен тығыз байланысты. Ол жер шарындағы халықтың тұрмысын, мәдени-
тарихи қатынастарын зерттейді.