Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауының негізгі ерекшеліктері: Ұтымдылық: ең жақсы түсініктемені табуға ұмтылу; үзілді-кесілді жауаптарды іздеудің
орнына сұрақтар қою; дәлелдерді талап етіп, кез келген дәлелді есепке алып отыру; эмоцияға
емес, себепке негізделу (бірақ төменде айтылатын өзін-өзі тануға қатысты эмоция да болуы
ықтимал).
Сыңаржақтылықтың болмауы: барлық қорытындыларды бағалау; болжамды
көзқарастар мен мүмкіндіктердің барлығын қарастыру; баламалы интерпретацияларға ашық
болуға ұмтылу.
Пайым: дәлелдердің деңгейі мен маңызын мойындау; балама жорамалдар мен
мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе артықшылығын мойындау.
Тәртіп: тиянақты, нақты және жан-жақты болу (барлық дәлелдерді есепке алып, барлық
көзқарастарға көңіл бөлу).