Кәсіби қоғамдастықты дамыту Білім алушылар қоғамдастықтары арқылы мектептер арасында ынтымақтастық орнату
ұлттық және халықаралық деңгейде қолдау тауып отырғаны белгілі. Бірақ Лейтвуд және Левин
(2004) білім алушылар қоғамдастықтары өздерінің жұмысы тиімді әрі сенімді екендігіне
жұртшылықтың көзін жеткізу үшін өздерінің нәтижелеріне ерекше көңіл бөлу керек екендігін
еске салады.
Табысты кәсіби қоғамдастықты дамыту жігерлі әрі табанды жұмысты талап етеді. Кәсіби
қоғамдастыққа тартылған адамдар бастапқы кезеңде кәсіби қоғамдастықта жұмыс істеу
қызықты болғанымен, қиын екендігін ашық айтады. Құрылу кезінде құрылым құру, қарым-
қатынастар орнату, жалпы мақсаттарды айқындап, құндылықтарды біріктіру сияқты бірқатар
әрекеттерді орындау қажет болады. Фуллан (2004) атап өткендей, кәсіби қоғамдастықтар
«барлық аурулардың жалғыз емі» емес, әрине, және білім беру жүйесіндегі барлық
проблемаларды шеше алмайды. алайда ол барлық балалардың жетістігін құрайтын жоғары
стандарттарға және теңдікке қол жеткізу әдістерінің бірі болып табылады.