Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Білім алушылар қоғамдастықтарын басқарудың аса тиімді



Pdf көрінісі
бет201/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Білім алушылар қоғамдастықтарын басқарудың аса тиімді 
модельдері қандай?
Тиімді білім алушылар қоғамдастықтарына арнайы құрылған басшылық қажет, олардың 
қандай да бір жеке мектепке арнап құрылуы міндетті емес. Кәсіби қоғамдастықтың табыстылығы 
(әсіресе бастапқы кезеңдерде) өзіне басқарушылық рөлді алатын адамдардың ұстанымдарына, 
қажырлығы мен күш-жігеріне тікелей байланысты болмақ. Өйткені кәсіби қоғамдастықтардың 
құрылымдары өзгеріп тұрады, әрі жұмысы да бірсарынды жүрмейді, басшылық алдында тұрған 
міндет оңай емес, олардан жұмысты жоспарлау, нәтижелерді өңдеу және алмасу, мақсат пен 
басты қызметтің айқын болуын қамтамасыз ету талап етіледі. жауапкершілікті екі (немесе одан 
көп) адамдардың арасында бөлу білім алушылар қоғамдастықтары үшін өте пайдалы болмақ. 
Ол басшылардың арасында жұмыс жүктемесін бөліп, лауазымдардың сабақтастық жоспарын 
әзірлеуге мүмкіндік береді, бір ғана емес, бірнеше мектептерде басшылардың болуы есебінен 
бірлескен жұмысты барлық деңгейде жүргізудің маңызы айғақталады.
Білім  алушылар  қоғамдастықтарының  ең  маңызды  нәтижелерінің  бірі  басшылықтың 
иерархиялық  емес  жүйе  бойынша  құрылуына  байланысты  оларға  мол  мүмкіндік  беріледі. 
Мұғалімдер,  әкімшілік-техникалық  қызметкерлер  мен  оқушылар  қоғамдастық  жобалары 
бойынша  өздеріне  жауапкершілік  алып,  өздерінің  мектептерінен  тыс  жұмыс  істей  алады, 
өйткені ондай жұмыстарды жүргізу жекелеген мектептің аясында мүмкін бола бермейді.
Тиімді білім алушылар қоғамдастықтарында басшылыққа берілетін мүмкіндіктер дәл осылай 
кеңейтілген.  Бұл  дегеніміз  кәсіби  қоғамдастықтарда  жоғары  басшылыққа  арналған  қандай 
да бір рөл жоқ деген сөз емес. Іс жүзінде басымдық пен мамандандыру мәселелері бойынша 
кәсіби қоғамдастықты дамыту үшін басшылықтың жұмысы өте маңызды болып келеді. аталған 
мәселелерде  басшылар  білім  алушылар  қоғамдастықтарының  қызметін  бағыттап  отырады. 
егер мектеп директорлары үдеріске белсенді қатысып, кәсіби қоғамдастықтың қағидаттарын 
толығымен  қолдап  жатқан  жағдайда,  білім  алушылар  қоғамдастықтары  оқушылардың  биік 
жетістіктерге қол жеткізуіне оң әсер тигізетіні ең маңызды айғақ болып табылады.
жоғарыда  аталғаннан  басшылықтың  мектептегі  немесе  кәсіби  қоғамдастықтағы  ресми 
міндеттерінен басқа, басқару рөлдерін бөлу болашақ көшбасшылардың басшылық ету қабілетін 
арттырып, олардың өсу стратегиясы бола алады. Білім алушылар қоғамдастығында басталған 
жобалар  мұғалімдерге,  орта  буын  басшыларына,  техникалық  персоналға  және  оқушыларға 
белгіленген  қоғамдастықтағы  қызмет  аясында  жұмыс  істейтін  шағын  командалардың 
көшбасшылары ретінде көшбасшылық дағдыларын дамытуға мүмкіндік бере алады. Кәсіби 
қоғамдастықтың жұмысын бір-екі адам ғана ұйымдастыруға тиіс емес, кәсіби қоғамдастық 
басшылары мен мектеп директорлары үйлестіруді және жауапкершілікті кәсіби қоғамдастыққа 
кіретін  барлық  мектептердің  бірқатар  адамдарына  жүктеп,  олар  қосқан  үлестерінің  құнын 
бағалауға  тиіс.  Кәсіби  қоғамдастықта  ресми  басшылар  басқаларға  тиімді  басқаруға  уақыт 
мен  мүмкіндік  беріп,  жас  көшбасшыларға  ресурстарды  үйлестіру  кезінде  қолдау  көрсетуге 
тиіс,  сондай-ақ  қажет  болған  жағдайға  оларға  көмектесуге  дайын  болғаны  жөн.  Осы  жаңа 
көшбасшыларға жоғары басшылықтың қолдау көрсетуі пайдалы болады.


106
Бастапқы  кезеңде  кәсіби  қоғамдастықтың  жұмысына  қатысты  құлшынысты  кәсіби 
қоғамдастыққа  кіретін  мектептердің  жоғары  басшылығынан  көруге  болады.  егер  білім 
алушылар қоғамдастығының қызметі адамдардың көптеген топтарына байланысты болса, онда 
осы  бастапқы  кезеңде  барынша  көп  қызметкерлер  топтарын  жұмысқа  қатыстыру  маңызды 
болып  табылады.  Қолданылып  жүрген  тәжірибеге  сәйкес,  жұмысына  көп  адам  тартылған 
кәсіби қоғамдастықтар оқушылардың нәтижелеріне жақсы ықпал ететіндігі дәлелденген. 
Кәсіби қоғамдастықты құрудың бастапқы кезеңдерінде мониторинг жүргізіп, бағалауды 
қарап отыруды естен шығармаған жөн. егер жетістіктің белгілі бір «көрсеткіштері» алдын ала 
келісіліп, ал басындағы «негізгі» деректер жинақталып қойылған жағдайда жұмыстың ықпалын 
өлшеу едәуір жеңіл болады. Іріктелген көрсеткіштер кәсіби қоғамдастықта оқытудың басты 
мақсатына және бірлесіп жұмыс істеу арқылы сіздердің нені көздегендеріңізге тікелей қатысты 
болуға  тиіс.  Бағалау  стратегиясын  айқындау  үшін  кәсіби  қоғамдастықтың  көшбасшылары 
мектептерде  жұмыс  істеуге  тиіс.  Қоғамдастық  дами  келе  әсер  етуші  іс-қимылдар  туралы 
нақты  түсінік  пайда  болғанда,  бұл  оларға  алдағы  қызметке  байланысты  негізделген  шешім 
қабылдауға көмектеседі.
жұмыс сапасына қатысты мектеп деректері мен көрсеткіштерін талдау жұмысы жекелеген 
мектептердің  жетістіктерінің  өскенін  көрсете  отырып,  мектептер  арасындағы  жетістіктер 
алшақтығының қысқаруын бағалауға көмектеседі. Бір мектепте сәтті қолданылған белгілі бір 
стратегияларды  кәсіби  қоғамдастықтың  сәйкестендіре  алатынын  ескере  келе,  басқалар  оны 
қабылдап,  жүзеге  асыруы  мүмкін.  Сондай-ақ  кейбір  мектептер  өздерінің  білім  алушылар 
қоғамдастығына  қатысу  арқылы  қол  жеткізуді  жоспарлап  отырған  нақты  мақсаттарын 
айқындай алады.
Тиімді  білім  алушылар  қоғамдастықтары  жаңа  білім  мен  түсініктемелерді  өздерінің 
оқу  орындарынан  тыс  жерлерден  іздестіреді,  одан  кейін  осы  білімді  тәжірибе  алмасу  және 
тәжірибені  жақсарту  үшін  пайдаланады.  Білім  алушылар  қоғамдастықтарының  басты 
қағидаты – «зерттеу негізіндегі тәжірибе», яғни деректерге және дәлелдерге негізделген оқыту. 
Кәсіби қоғамдастықтарда ересектер «бірлескен зерттеу» арқылы білім алуға тиіс, бұл оларға 
қазіргі заманғы теориялар мен зерттеулер туралы біліп, мамандану саласы бойынша ақпарат 
жинауға көмектеседі, сөйтіп оларға жинақталған ақпаратқа талдау жүргізу арқылы болашақта 
тәжірибенің қай бағытын дамыту қажет екендігін анықтауға көмектеседі. Мектептердің кәсіби 
қоғамдастықтарында бірлескен зерттеуді әртүрлі мектептердің қызметкерлері жүргізеді, әрі ол 
бүкіл кәсіби қоғамдастықтың жұмысы болып саналады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет