Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Оқыту мен оқу үшін жадыны зерттеудің маңызы



Pdf көрінісі
бет32/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

21
Оқыту мен оқу үшін жадыны зерттеудің маңызы
Төменде  келтірілген  үзiндi  доктор  Джон  Саймонстың  жақында  Кембридж  университетi 
эксперименталды  психология  кафедрасының  жады  зертханасында  жүргізген  зерттеулеріне 
негiзделген.
Миды  бұлшық етпен  салыстыру  жиі  кездеседі,  өйткенi  миды  жаттықтырсаң,  ол  жұмыс 
істеуін  жақсарта  бастайды.  Бодибилдинг  спортымен  айналысатындар  кiр  тастарын  көтеру 
арқылы бұлшық еттерін қатайтып, күшейте алады, демек, Сіз де есіңізде сақтағыңыз келетін 
ақпаратты үнемі қайталап (дауыстап немесе ішіңізден) жаттықсаңыз, онда өзіңіздің жадыңызды 
жақсарта аласыз.
Зерттеушiлер көп жылдар бойы мұндай әдiспен ақпаратты қайталау оны қысқа мерзiмдi 
жадыда  сақтап  және  ұзақ  мерзімді  жадыға  беру  үшін  керек  деп  санаған.  Бұл  әдіс  біздің 
инстинктімізбен сәйкес келеді, мысалы, біз телефон нөмірін есте сақтағымыз келсе, онда оны 
ой-санамызда  қала  ма  деген  ниетпен  ішімізден  көп  рет  қайталаймыз.  Көптеген  студенттер 
дайындық кезінде емтиханға қажетті дәріс конспектілері мен оқулықтарды қайталап оқу, нақты 
дәлелдерді жаттап алу оларды табысқа жеткізеді деп ойлайды.
ақпаратты  көп  қайталасаң,  жадыңда  ұзақ  сақталатындығы  дәлелденген.  Зерттеулердiң 
бiрiне қатысушыларға сөздер тiзiмi беріліп, оларды белгілі бір уақыт ішінде дауыстап айту 
сұралады. Қатысушылардан қайталаған сөздерді еске түсіруді сұрағанда, жадыда жатталған 
сөздердiң саны тiзiмнің неше рет оқылғандығына тiкелей байланысты болатыны анықталды. 
Соған қарамастан, барлық жағдайларда дерлік жай механикалық қайталауға қарағанда, жадыда 
ұстауға тырысқан ақпараттың мағынасын ұғып, стратегиялық амалдарға сүйеніп есте сақтау 
анағұрлым тиімдірек болып шықты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет