Мнемоника Кез келген кiтап дүкеніне барсаңыз, есте сақтауды жақсарту үшін мнемониканы пайдаланып
өз-өзін жетілдіру жайында жазылған көптеген кітаптарды көре аласыз. Loci әдісі (орын
әдісі) – есте сақтағыңыз келетін ақпаратты танымал жерлермен байланыстырып елестетуге
негізделген ең белгілі мнемоникалық әдіс. Осылайша, Сiз өз үйiңiздің бөлмелерінде жүрiп,
әртүрлi сөздер тiзiмiн бөлменiң ерекше белгiсiмен байланыстырып еске сақтауға тырысыңыз.
Мысалы, «алма» деген сөзді айтқанда Сiз қонақ бөлмеде диванда домалап жатқан алманы
елестете аласыз. Үйіңіздің барлық бөлмелерін қайтадан «аралап шығып», сөздердің барлық
тізімін есіңізге түсіре аласыз. Loci әдiсін қолданушы адамдар зерттеуге берілген 50 сөздiң 90
пайызынан астамын бір рет оқып шыққаннан кейін есте сақтауға болатынын көрсеттi.
америкалық жазушы және есте сақтау бойынша чемпион атанған Джошуа Фоер өзінің
«Эйнштейнмен айда серуендеу» кітабында Loci әдісінің анағұрлым айқын жолын ойын
карталарын есте сақтау үшін қалай пайдаланғанын суреттейді. Мысалы, «Кіреберісте мен
«шошқаны сойып» отырған құрбым Лизді көрдім…» (қарға екі, кірпіш екі, қарға үш – осы үш
карта бірге түссе, «шошқа» деп аталады). Бірнеше затты белгілі бір орынмен байланыстыруға
мүмкіндік беретін Фоер әдісі оған 2006 жылы өткен аҚШ чемпионатында есте сақтау бойынша
рекорд орнатуға көмектесті, мұнда ол 52 картаны 1 минут 40 секундтың ішінде есте сақтады.
Loci сияқты әдiстерді біз кездесулерді, туған күндерді, маңызды тапсырмаларды және соған
ұқсас мәселелерді оңай есте қалдыру үшін қолданамыз. Фоер мысалында көрсетілгендей,
мнемониканың маңызы өте жарқын визуалды образдарды құру болып табылады. Сіз
нақтылайтын бөлшектерді анағұрлым көбірек қолданған сайын және әрекетіңіз мейлінше
қисынсыз және креативті болған сайын, Сіздің табысқа жету жолындағы мүмкіндігіңіз де
ұлғая түседі.