Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Сын тұрғысынан ойлауға үйрету



Pdf көрінісі
бет50/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Сын тұрғысынан ойлауға үйрету
«Сын  тұрғысынан  ойлау»  деген  сөз  тіркесінде  қолданылатын  «сын  тұрғысынан»  деген 
термин  ойдың  мәселені  немесе  проблеманы  шешу  үдерісіне  шоғырлануын  білдіреді.  Бұл 
тұрғыдан алғанда сын сөзі «мақұлдамау» немесе «теріске шығару» дегенді білдірмейді. Сын 
тұрғысынан  ойлау  пайымдау,  тұжырым  жасау  немесе  проблеманы  шешу  үдерісі  жүрген 
барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұны ойластырылған әрі 
рефлексиялық  тәсілмен  қалай  істеуге  болатындығын  анықтау  қажет  болған  жағдайлардың 
барлығында орын алады.


31
Сын тұрғысынан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді 
талқылау  және  тәжірибені  ой  елегінен  өткізуді  қамтиды.  Мұғалімдер  педагогикалық  білімі 
бар  және  қосымша  оқып,  өз  біліктілігін  арттырушы  субъектілер  болғандықтан,  оларда  бұл 
дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп болжанады.
Сын  тұрғысынан  ойлау
  –  Қазақстандағы  білім  беруді  дамыту  үшін  маңызды  болып 
табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің 
де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет