51 Зерде теориясы оқушылардың жас ерекшеліктері тұрғысынан «Зерде теориясы» (ЗТ) – бұл басқаларды арнайы делдал ретінде түсінудің, яғни олардың
зердесін ұстаным, тілек сияқты арнайы күйлердің теориялық тұжырымдамасы тұрғысынан
интерпретациялаудың ерекше танымдық қабілеті. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін
ақыл-ой күйінің кең спектрін (ұстаным, тілек, ниет, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз.
Қысқаша айтқанда, зерде теориясы – өз санаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына
ой жүгірте білу деген сөз.