Бағдарламасы мұҒалімге арналғАН


Бірінші өлшем жеке білімге



Pdf көрінісі
бет96/508
Дата06.01.2022
өлшемі11,77 Mb.
#11716
түріБағдарламасы
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   508
Байланысты:
Руководство для учителя ЛУПС

Бірінші өлшем жеке білімге қатысты; өзін оқушы ретінде тани отырып, бала, мысалы, 
өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді, оқу үдерісінде не ұнайтынын, не ұнамайтынын 
түсінеді  және  жеке  мақсаттарды  белгілеу  қабілеті  туындайды.  Флейвелл  оқушылардың 
өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын (бұл да сол жұмыста) балалардың басқа 
оқушылардың да өз оқуына қатысты таңдауы, күшті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы 
метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.


56
Флейвелдің 
екінші  өлшемі  тапсырмаға  бағытталған,  ол  оқушының  өз  мақсаты  мен 
тапсырмаларын білу, түсіну және бағалауды қамтиды. Метатанудың бұл аспектісі оқушының 
тапсырманы  қалай  талдайтынын  және  бағалайтынын  немесе  күрделілік  деңгейін  қалай 
салыстыратынын көрсетеді. 
Сондай-ақ, 
үшінші метатанымдық құрылымды Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті 
білім  мен  тәсілдерді  бақылау  деп  анықтайды.  Оқушылардың  орындауы  қажет  тапсырманы 
анықтауы  және  бір  немесе  бірнеше  тәсілдердің  көмегімен  тапсырманы  орындау  жоспарын 
құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады. Түрлі тәсілдердің салыстырмалы 
түрдегі  тиімділігі  бағаланып,  оқушылар  өз  әрекеттерін  түсіндіреді.  Оқушылардың  таңдауы 
мүмкін  тәсілдерінің  біреуі  –  басқалардың  білім  аясы  кеңірек  болуы  мүмкін  деген  жеке 
көзқарасына байланысты олардан көмек сұрау.
Табыс,  ұмтылыс  және  тиімді  тәсілдерді  қолдану  арасындағы  негізгі  байланысты 
қалыптастыратын  болғандықтан,  метатану  ұғымын  бір  оқушының  «қалай  оқу  керектігін 
үйренуі» деп қарастыруға болады. Метатанымдық қабілеттердің дамуы мен тиімді ойлау мен 
оқудың арасында байланыс бар.
Шанк  пен  Циммерман  (1994)  балалардың  өз  оқуын  бақылауға  алу  мен  оны  жүргізу 
барысында оларға дербестік беруге баса назар аударады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   508




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет