7
1-
тарау
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖАСАҚТАМАНЫҢ
ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
ЖЕКЕ КОМПЬЮТЕРЛЕРДІҢ БАҒДАРЛАМАЛЫҚ
ЖАСАҚТАМАСЫ
Бағдарламалық жасақтама (software) есептеуіш жүйесі орындайтын
бағдарламалардың жиынтығы деп түсіндіріледі.
Барлық бағдарламалар компьютердің сыртқы және тұрақты жадында
сақталады. Алайда компьютер осы немесе басқа ақпаратты тиісті
бағдарлама бойынша өңдеуі үшін ол компьютердің жедел жадына
орналастыруы тиіс.
Компьютер өздігінен өзін қолдану аясында бірде бір білімге қабілетті
емес, осы барлық білім компьютерде орындалатын бағдарламаларға
жұмылдырылған. Сондықтан жиі қолданылатын «бағдарламалық басқару
принципі» ұғымы ақпаратты өңдеу бойынша барлық іс-әрекетті
компьютер осы немесе өзге де мақсаттағы бағдарламаны басқара отырып,
жүзеге асыратынын білдіреді.
Компьютерге арналған бағдарламаларды ауыстыра отырып, оны
бухгалтердің немесе конструктордың, статистика маманының немесе
дизайнердің жұмыс орны етіп айналдыруға, онда құжаттарды
редакциялауға немесе кез келген ойынды ойнауға болады. Сондықтан
компьютерді тиімді пайдалану үшін оның мақсатын және онымен жұмыс
жасау кезінде қажетті бағдарламалардың ерекшеліктерін білу қажет.
Бағдарламалық жасақтама компьютерде белгіленген жұмыс ортасын
құрайды және құралдарды қамтиды, оның көмегімен компьютерлік
объектілерді жасауға болады. Осылайша, компьютердің бағдарламалық
жасақтамасы – компьютерде қолданылатын барлық бағдарламалар.
Бағдарламалық жасақтамаға оны түзету және әзірлеу бойынша
қызметтің барлық саласы да жатады:
■
бағдарламаны
жобалау
технологиясы
(төмендемелі
жобалау,
құрылымдық және объективті-бағдарланған жобалау және басқалары);
■
тестілеу әдістері
және бағдарламаларды дұрыстау;
■
бағдарламалардың дұрыстығын
дәлелдеу әдістері;
Достарыңызбен бөлісу: