Қатысушылар шеңбер болып тұрады, бастарын төмен салып, бұл кезде бір-біріне
қарамауы керек. Топтың міндеті – санды ретімен айтып шығу. Бұл кезде үш шартты орындауы
керек: біріншіден, кімнің бастайтынын және қай саннан бастайтынын және келесі кімнің
айтатынын ешкім білмейді (келісіп алуға тыйым салынады); екіншіден, бір адам екі цифрды
қатарынан айтуына болмайды; үшіншіден, егер бір цифрды екі немесе бірнеше кісі қатарынан
айтатын болса, жүргізуші басынан бастап қайтадан айтқызады. Жүргізуші қатысушыларға
басқаларды тыңдай білу керектігін, үндемей қалу керек пе, әлде санды айтатын кез келді ме,
соны байқай білуі керектігін ескертеді. Кейбір топтарда қатысушылар мейлінше зейінді, келісіп
алмаса да, сандарды бірінен соң бірін айтып шығады. Мұндайда жүргізуші топ мүшелерін
ынтымақтастығы мен тапқырлықтары үшін мақтап қоюға болады.
Күтілетін нәтиже: топтың бірлігі.
Достарыңызбен бөлісу: