ск, фт, пт, мт дыбыстарына аяқталатындарына қазақ тілінің
275
қосымшалары жалғанғанда, сөз бен қосымшаның аралығына
дәнекер ы, і дыбыстары қосылып айтылады және солай жа-
зылады. Мысалы: киоск+ке – киоск+і+ге (киоскке емес),
бұл жерде дәнекер ы, і болғандықтан, қосымшалар ұяңдап
кетеді (-ке емес, -ге, -тар/-тер емес, -лар/ -лер деген сияқты),
митинг+тер – митинг+і+лер (митингтер емес), Омск+тен –
Омск- +і+ден (Омсктен емес), сол сияқты фактілер, фактіге,
фактісі (факттер, фактке, факті емес), штампылар, штам-
пыны, штампысы, штампыға (штамптар, штампты, штам-
пы, штампқа емес), объектілер, объектіге, объектісі (объ-
ектер, объектке, объекті емес). Үш дауыссызға аяқталған
сөздер қазақ қосымшаларын дәнекер ы, і дыбыстарынсыз
қабылдайды, өйткені айтуда алдыңғы дауыссыз бір буынға
кетеді де соңғы екі дауыссыз айтуда өздері бір буын болып
айтылады: пунк(і)т, пункітке, пункіттер, пункіті (пунктіге,
пунктілер, пунктісі емес), сфинкіс, сфинкістер, сфинкістің
(сфинксілер, сфинкісінің емес). Ал бұлардың жазылуы: пункт,
пунктке, пункттер, сфинкс, сфинкске, сфинкстің.
Ал тр, зм, рг, рд, лк, кс, дж, фр, рв, кт, дз, фм сияқты дау-
ыссыз дыбыстар тіркесіне аяқталған кірме сөздерде айтылуда
соңғы екі дауыссыздың арасына ы, і дыбыстары қосылып ай-
тылады: метір, оркестір, альпинизім, колледіж.
Соңғы екі-үш дауыссыздың біреуі к, г дыбыстары бо-лып
келсе, ол сөзге қазақ қосымшалары тек қана жіңішке
жалғанып, жіңішке айтылады (түбірдегі дауысты мейлі жуан
болсын, мейлі жіңішке болсын). Мысалы: пунктке (айтылуы:
пунктке), паркке, парктер, паркі (айтылуы: парікке, паріктер,
паркі), митингіге, митингілер, киоскінің, киоскілер. Ал к, г
дыбыстары жоқ жерде қосымша сөз түбірінің немесе түбірдің
соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанып, сол
жалғанған түрінде айтылады. Мысалы: лифтілер, лифтісі,
лифтіге (мұнда қосымша жіңішке, өйткені түбірдің дауысты
дыбысы и – жіңішке), штампыға, штампылар, штампысы
(мұнда түбірдегі дауысты а жуан болғандықтан, қосымша да
жуан жалғанып тұр).
Осы ережеге сай етіп мына сөздерге қазақша қосымшалар
(септік, тәуелдік, көптік жалғауларын) жалғап көріңдер де
дұрыс айтып беріңдер:
276
Антракт, металлург, анонс, бланк, контракт, бумеранг, по-
чтамт, дифирамб, интеллект, катафалк, комплекс, комплект,
конспект, кзендз, лаборант, ландшафт, логарифм, манускрипт,
медпункт, моллюск, пакт, прейскурант, раунд, рецепт, рислинг,
такт, экспромт, цифр.
Достарыңызбен бөлісу: |