назар аударады. «Қазіргі қазақ әдеби тілі» деп, кезеңге қарай
әдейі атағанымыздың себебі – тілдік норма дегеніміз тілдің өзі
сияқты – динамикалық «тірі» құбылыс. Тілдің әр кезеңдегі
ішкі («құрылымдық») және сыртқы (экстралингвистикалық)
дамуына қарай, нормалары да әлеуметтік өзіндік сипат ала
қалыптасады. Бұл жердегі әңгімеміз синхрондық және
функционалдық нормалар жайында болмақ.
Тілдік норманы міндетті түрде қолдану бар да, ыңғайына
қарай қолдану бар. Айталық, орыс тіл мамандарының
(Б.Н.Головник т.б.) тануынша, грамматикалық, орфоэпиялық,
орфографиялық, пунктуациялық нормаларды қатаң, міндет-ті
түрде сақтау керек, ал стилистикаға келгенде ыңғайына қарай
босаң нормаларға да иек артуға болады дейді. Тілдің
функционалдық стильдерге қарай ажыратылатын нормалары
стилистикалық нормалар дегенмен бір емес. Соңғысы тіл-ді
дұрыс қолданудың үстіне әсем (искусная речь) қолдануды
көздесе, функционалдық стильдердің әрқайсысына тән
(өзгелерінен ажыратылатын) азды-көпті нормалары дегеніміз
– жалпы тілдік нормалар аясына кіреді.
Грамматика саласында: өткен шақ есімшенің жұрнағы -
тын
Достарыңызбен бөлісу: