ған; -ғасын < – ған соң < -ғаннан соң; да < дағы; мен < менен
қатарларының ең алдыңғы көрсетілген ықшам варианттары
норма ретінде қалыптасты, бұлардың публицистика, ресми-іс
қағаздары үлгілерінде вариантсыз жұмсалуы берік орын тепті.
Тек жазба үлгілерде көркем әдебиетте, әсіресе оның поэзия
жанрында -тұғын, -ған соң, -ғаннан соң, -менен деген толық
түрлері қолданыла береді. Көркем әдебиет стилі үшін бұлар да
– норматив тұлғалар. Бұлардың қолданылатын орындары
жай-ында «Варианттар» деген тарауда кенірек айтылды.
175
Жалғаулық шылаулардыңактив қолданылуы да – соңғы XX
ғасырдың жемісі. Ауызекі сөйлеу тілінде жалғаулық шы-
лаулардың қолданылуы сараң. Оның классикалық үлгілерін
мақал-мәтелдерден, қарапайым сөздерден табамыз. Мысалы,
Үйде батыр – жауда жоқ, үйде шешен – дауда жоқ деген мәтелде
бірақ шылауы сұранып тұрады. Мақал-мәтелдердегі жалғаулық
шылаулардың болмауы, ең алдымен, мақал, мәтел, қанатты сөз
сияқты құрылымдардың мейлінше ықшам болу табиғаты-нан
(нормасынан) туындап тұрса, екіншіден, бұлардың синтак-систік
құрылымы сөйлеу тілі заңдылықтарына бағынды-рылатыны
мәлім. Осы заңдылық жазба әдеби тілдің алдыңғы кезендеріне де
тән болады. Ал қазіргі кезенде функционалдық стильдердің қай-
қайсысында да бірақ, ал, сондықтан, алайда, өйткені, да сияқты
жалғаулықтардың қолданылуы – норма та-лабы. әсіресе
публицистикалық, ғылыми, ресми-іс қағаздары стильдерінде
жалғаулық шылаулардың келуі – міндетті.
Бұл саладағы нормаланудың екінші түрі – жалғаулықтардың,
оның ішінде демеуліктердің де көп вариантты болып келген-
дігіне қатысты. Қарсылықты білдіретін бірақ шылауының сон-
да да, сөйтсе де, алайда, дегенмен деген қатарлары, сондай-ақ
соңғы жылдарда ауызекі сөйлеу тілінен алынған дей тұрғанмен
және ортаазиялық әдеби тіл дәстүрінен келген ләкин, уа ләкин
варианттары бар. Мұның контекстік ыңғайына қарай ал, ал бірақ
сияқты қатары да қолданылады. Бұл күнде да варианты
– норма, оның дағы варианты тек көркем стильде орын ала-ды.
Туралы деген демеулік шылаудың осы тұлғада нормалануы
– тіпті соңғы кезеңнің жемісі. Мұның турасында, жайында,
жайлы, жөнінде, хақында, хұсасында варианттары да жаз-
ба тілімізде орын алып келеді, дегенмен туралы варианты
– әсіресе ресми-іс қағаздарында негізгі нормативтік қолданыс.
Туралы шылауының хақында, хұсасында варианттары тіп-ті
сирек қолданылатын пассив элементке айналды. Өйткені
шылауының себебі вариантының қолданылуы солғындау,
сондықтан шылауының сол себептен, солай болғандықтан
тәрізді аналитикалық (тіркеспен келген) варианттары да – кон-
текстік орын тандап қана қолданылатындар, ал сондықтан
тұлғасы – нормативтік деп ұсынылып жүр. Және жалғаулығы
176
да – көп вариантты. Кітаби тілдік уа, һәм қатарлары қазақ жазба
тілінде сирек қолданылады, қолданылған күнде де публицис-
тика мен көркем әдебиетте стильдік мақсатпен келуі мүмкін.
Кейбір демеулік шылаулардың өзіне қатысты сөзбен
меңгерілу амалында да нормалану процесі байқалады. Мыса-
лы, күні кешеге дейінгі жазбаларда менің туралы, менің үшін,
соның үшін сияқты ілік жалғаулы сөзді меңгеріп тұрса, бұл
күнде мен туралы, мен үшін, сол үшін деген жалғаусыз
(немесе атау тұлғалы) сөзбен жұмсалуы нормаға айналды.
Жазба әдеби тіліміздің ілгергі кезеңдерінде өткен шақ
есімшенің оғұздық -мыш жұрнағымен берілуі жиірек ұшы-
расатын, осы дағды XX ғасырдың басында-ақ тежеліп, есім-
шенің қазақтық (қыпшақтық) -ған жұрнағымен келуі норма
болды. Соңғы 30-40 жыл ішінде -мыш көрсеткішін қайтадан
жандандыру әрекеті байқалды: аталмыш оқиға, бірақ бұл тек
айтылмыш, аталмыш деген сөздермен ғана және ол есімше
тұлғаларының анықтауыштық қызметте келген сәтімен ғана
жұмсалып жүр.
Тұйық етістік -у (бару, жүру, оқу) және -мақ (бармақ, жүр-
мек, оқымақ) жұрнақтарымен келетіні белгілі, бірақ бұл вари-
анттардың -у тұлғалы сыңары – қазіргі кезеңдегі әдеби тіл үшін
жиі қолданылатын нейтралды варианты. Ал -мақ вариан-ты күні
кешеге, тіпті Абай тілінің өзінде -у вариантымен тепе-тең
қолданылған. Тұйық етістіктің керек сөзімен тіркескен
тұлғасында да өзгеріс бар: бұрынырақ, XV-XVIII ғасырлардағы
ақын-жыраулар шығармаларында, XIX ғасырдың өн бойын-дағы
ауызша, жазбаша үлгілерде, Абайдың тілінде бұл тіркес барыс
септігімен келген: баруға керек, бармаққа керек, тіпті супиндік
(мақсаттық) мәнде -арға керек (барарға керек) тұл-ғасымен де
беріліп келген. Бұл күнде барлық стильге тән бо-
лып -у керек (бару керек, келу керек) варианты норма болып
қалыптасты да, өлеңдерде, жалпы көркем әдебиетте - мақ
керек (бармақ керек, келмек керек) варианты да қолданылу
құқығына ие болып қалды, ал -арға керек (барарға керек)
жарыспасы нормадан мүлде ығысып қалды.
Морфология саласындағы нормалану жайын сөз еткенде
кейбір жұрнақтардың активтеніп, енді бірқатарының сөз жа-
177
сау әлеуеті азайып бара жатқанын айтуға болады. Мысалы, -шы/-
Достарыңызбен бөлісу: |