Ббк 1. С 94 Қазақстан Республикасы


і  дыбыстарымен   келетін   сөздердің   енді   бір   тобында   тәуелдік жалғаулары жалғанғанда, ы, і



Pdf көрінісі
бет99/151
Дата06.01.2022
өлшемі1,7 Mb.
#11899
түріБағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151
Байланысты:
5d21b037778db5f4e2d6b8a379180dda

і  дыбыстарымен   келетін   сөздердің   енді   бір   тобында   тәуелдік
жалғаулары жалғанғанда, ы, і әріптерін түсірмей жазып жүрміз:
дауыл  дауылы, қайыс  қайысы, бауыр  бауыры, ойын – ойы-
ны, құйын – құйыны. Екінші буыны ы, і дыбыстарымен келетін
сөздер  қ,  к  сияқты   қатаң   дыбыстарға   аяқталған   болса   және
тәуелдік   жалғаулары  жалғанғанда,  бұл  қатаң  дыбыстар  ұяндап
кететін болса, ол күнде  ы,  і  дыбыстары түсірілмейтіндігі тіпті
даусыз: қайық – қайығы, түлік – түлігі, қорық – қорығы, көрік
– ұстаның көрігі, қалып (форма) – қалыбы. Мұндай сөздерге
тәуелдік   жалғаулары   жалғанғанда,   олардың   соңғы   қатаң
дыбы-сы  ұяңдамаса,  ы,  і  әріптерін  түсіріп  жазамыз:  «әдемі
жүз,   шы-рай»   мағынасындағы  көрік  сөзі   тәуелденгенде,
көркім,  көркің,  көркі  болады, «мінез-құлық»  дегендегі  құлық
сөзі кұлқы  болып тәуелденеді де құлақтың құлығы дегендегі
құлық сөзі құлығы болып өзгереді.
Дауысты   дыбыстарға   аяқталатын   сөздерге   дауыстыдан
тұратын немесе дауыстыдан басталатын қосымшалар жалған-
ғанда   я   болмаса   дауыстыдан   басталатын   сөз   тіркес   құрай
ұласа   айтылғанда,   қысаң  ұ,  і  дыбыстары   айтуда   да,   кейде
жазуда   да   түсіп   қалады:  жеті+еу  –  жетеу,  қара+ағаш  –
қарағаш, сары+алтын  саралтын (айтылуы).
Осы реггегі қысаң  ы,  і  дыбыстары түсіріліп не сақталып
жазылатын сөздердің қай-қайсысын айтуда  да біздің «сусып
түсіп қалады» деп жүрген құбылысымыз – абсолюттік емес,
яғни сөздің айтылуында ы, і дыбыстары мүлде «ғайып» бол-
майды, олардың сарқыншағы сақталады. Атап айтсақ, ерні,
халқы, ауру, уақтылы, қаупі, ойна деп жазылған сөздер (ай-
тылар-айтылмас, естілер-естілмес ілеспе-протезалық ы, і ды-
быстарын жақша ішіне алып таңбаласақ) ер[і]ні, хал[ы]қы,
223


ау[ы]ру, уақ[ы]тылы, қау[ы]пы, ой[ы]на болып айтылады.
Тіпті  Сарағаш,  Сарөзек,  саралтын  сияқты  ы  дыбысы мүлде
«жұтылып»   кететін   сөздердің   өзін   дыбыстауда   да   оның
«ілеспе»   түрі   (орысша:   призвук)   сақталады:  Сар[ы]өзек,
Сар[ы]ағаш,  сар[ы]алтын.  Егер  (бұл   сөздерде  ы,  і  қысаң
дыбыстары мүлде «жұтылып» (сусып, жоғалып) кеткен болса,
ер//ні (осылайша екі бөліп айтып көріңіз), хал/ /қы, Сар//ағаш,
сар//алтын деп айтылуға тиіс болар еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   151




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет