25
Дегенмен, діни сезімдер ӛзіндік ерекшеліктерге толы, ол ғажайыпқа
сену, осы діни нанымның обьектісіне тікелей байланысты. Діншілдер ҥшін
мҧндай жеке маңыздылығы бар обьектілерге Қҧдай, Ібіліс, ҥй аруағы және
т.б. жатады. Діншілдер ҥшін қобалжудың бастауы икона, «қҧдіретті»
қайнар кӛзі, ғибадат ету заттары, кітаптар, қабірлер болуы мҥмкін.
Діни сезімдерге эмоциялық тҥрлендірулер мен әр тҥрлі айқындау
формалары тән. Сонымен қатар, діншілдердің ӛзі жеңілдеу, саябырлану,
кҥнделікті ӛмірдің кҥйбің тіршілігінен «алшақтау», ішкі кҥйзеліс пен
психологиялық қобалжуларды сезінеді.
Әр тҥрлі діни нанымдар мен кезеңдердегі діншілдердің діни сезімдері
ӛзара ӛзгешеленеді, бірақ әрқашан да сендіру, ӛзін-ӛзі сендіру және
еліктеуге негізделеді.
Діннің негізгі сезімдері махаббат пен қорқыныш болып табылады.
Қҧдайды және ӛзіңнің жаныңдағы жақыныңды сҥй – бҧл барлық
моноатеистік діндердің басты парызы болып саналады, бірақ шынайы
ӛмірде ӛте сирек және ретсіз орындалады.
Жағымды сезім, махаббатқа қарама-қайшы жағымсыз сезім
категориясына қорқыныш жатады. Діншілдің қорқынышы – Қҧдай, о
дҥниелік ӛмірдің азаптары, жер бетіндегі немесе кӛктегі жазалаулар
алдындағы қорқынышы. Қорқыныш діншілдерді тәрбиелейді, ӛзінің нақты
және мҥмкін болатын әрекеттерін діни қоғаммен туындаған ҧйғарымдармен
ӛзінің шынайы немесе мҥмкін болатын әрекеттерімен салыстыруды талап
етеді. Діншілдер сана-сезімінде Қҧдай сҥюші Әке, қатал Тӛреші ретінде
қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: