26
жатады. Әдетте автоматты тҥрде орындалатын табыну әрекеттерінің
элеметтеріне бас ию, тізе бҥгу, кресттік белгілер, сҥю, бата беру
жатқызылады.
Діни іс-әрекеттер діни тҥйсіктермен шартталған және эмоционалдық-
сезімталдық сипатта болады.
Діни қатынастар мен іс-әрекеттер дін оқуы мен ғибадат етудің
тҧтастығы арқылы қҧрылатын кез-келген ҧйымдастыру формаларын
қамтиды. Әр тҥрлі тарихи кезеңде дінге сенушілердің мазмҧны және
формасы жағынан тҥрлі ҧйымдар қалыптасты. Дегенмен, бҧл ҧйымдар тек
діни ғана емес, сонымен қатар, діни емес қызметтерді атқарды. Олардың ең
маңыздылары болып мыналар табылады: дін оқуын насихаттау, дінді
нығайту, жаңа мҥшелерді тарту, тиісті діни ӛнімдерді шығару, бір дінге
сенушілерді материалды және адамгершілік тҧрғысынан қолдау,
шаруашылық іс-әрекеттерді, дауларды шешу және т.б.
Ең маңызды діни ҧйымдарға дін басындағылардың бастамасымен
қҧрылған бір дінге сенушілердің қауымдастығын қамтитын шіркеулер,
мешіттер, синагогалар жатады. Кӛптеген мемлекеттерде дін мемлекеттік
билік органы мәртебесіне дейін жететін әлеуметтік институт ретінде
маңызды роль атқарады. Басқа мемлекеттерде дін мемлекет пен
мемлекеттік істерден ажыратылған.
Достарыңызбен бөлісу: