93
тҧрақтары зерттелген, олардың 20 шақтысында қазба жҧмыстары
жҥргізілген. Бҧл кезеңнің аса кӛрнекті ескерткіштері: Виноградовка-2
(жоғарғы қабаты), Тельман-1, 10, Явленка селосы маңындағы тҧрақтар,
Карлуги, Боголюбово, Виноградовка-10, 14, Жабай-Покровка-3. Әдетте,
атбасар мәдениетінің барлық тҧрақтары Солтҥстік Қазақстанның Есіл және
Шағалалы секілді су артерияларының кӛне арналарында орналасқан.
Сақталған іздеріне қарағанда жеңіл баспаналары жер бетінде орналасқан.
Баспаналар шалаш секілді, жоспары дӛңгелек және тӛрт бҧрышты, ал ауданы
25 шаршы метрден астам болып келді. Атбасар тҧрғындарының жиі қозғалып
отырғандығын ескерткіштер топографиясы, индустриялар сипаты, мәдени
қабаттарының аса қалың еместігі, шаруашылық сипаты да аңғартады.
Еңбек қҧралдарының жиынтығы бірегейлігімен кӛзге тҥседі. Ол тас
тілікті дайындама (заготовка) мен қҧралдардан, екі жағы ӛңделген тас
жаңқаларынан тҧрады. Соңғыларының арасында жебе ҧштары кӛп кездеседі.
Осы кездері ірі қырғыштар мен пышақтар, жебе омырғыштары (отбойники)
пайда бола бастайды. Айтылғандардың соңғы екі тҥрі шақпақ тасты екінші
рет қайтара ӛңдеу кеңінен орын алғандығын да сипаттайды. Шақпақ тастары
бар орындарда арнайы шеберханалар болды, олардан алынған шикізат
кӛздірі алғашқы жаңқалаудан ӛтті. Тельман-1 тҧрағында ӛзектастарды одан
ары ӛңдеу жҥзеге асырылған: мҧнда тас тілік пен тас жаңқа тҥріндегі
дайындамалар алынды да, олардан қыстырғыш (қыстырма) еңбек қҧралдыры
жасалынды.
Сыйымдылығы 1-5 л қыш ыдыстарының пішіні жартылай жҧмыртқа
тәріздес болды. Оның қабырғалары тарақты ою-ӛрнектермен әшекейленді.
Бірақ қыш ыдыстарының қалдықтары мен сынықтары аса кӛп кӛлемде емес.
Остеологиялық қалдықтар да айтарлықтай кӛп емес. Кейінгі уақыттарға
жататын тҧрақтарда, кейде орта неолитте жылқының, ірі қараның сҥйектері
ҧшырасады. Сҥйек қалдықтарының аса кӛп еместігі және сирек ҧшырасуы
оларды тҥз тағыларына немесе ҥй малдарына жатқызуға мҥмкіндік бере
қоймайды. Бірақ фауна ӛкілдерінің осы жиынтығы б.з.б. ІІІ мыңжылдық бас
кезінде Солтҥстік Қазақстанда ӛнім ӛндіру қалыптаса бастағандығы жайлы
сӛз қозғауға мҥмкіндік береді.
Қазіргі уақытта біз бҧл мәдениетке жататын әлі бірде-бір жерлеу
ескерткішін білмейміз. Бірақ кейбір тҧрақтардың (Виноградовка, Тельман,
т.б.) шет жағынан тереңдігі 1 м, диаметрі 1,5 м-ге дейін шҧңқырлар
аршылған. Олардың тҥбінде қатып-семіп қалған от қалдықтары шыққан.
Қола дәуірінде бҧл ӛңірден кремация ғҧрпы бойынша жерлеу орын
алғандығын ескерсек, онда бҧл жосын-жоралғының бастау осы кездері
қалыптаса бастағандығын аңғарамыз.
Достарыңызбен бөлісу: