УДК 94
Қ-42
Қожа Ахмет Ясауидің түркі халықтары руханиятындағы орны
Қартабаева Е.Т.
ҽл-Фараби атындағы ҚазҰУ
дүние жүзі тарихы, тарихнама жҽне деректану кафедрасының профессоры,
т.ғ.к. KazNU (
erke_66@mail.ru
)
АННОТАЦИЯ
Бұл мақалада түркі халықтарының рухани болмысының негізгі
кҿздерінің бірі ретінде, түркілік сопылықтың негізін қалаушы Қожа Ахмет
Ясауидің ілімінің ерекшеліктері қарастырылады. Автор Ясауи ілімінің
қалыптасуына ықпал еткен тарихи-объективті факторларға жан-жақты
тоқталады. Атап айтқанда, Ясауи ҿмір сүрген тарихи кезең, яғни
қарастырылып отырған дҽуірдегі мұсылман елдерінің дамуындағы керағар
құбылыстар сопылықтың қалыптасуына ықпал еткен болатын. Мақала
авторының пікірінше Ясауидің сопылық дүниетанымы қоғам ҿміріндегі дҽл
осы кері құбылыстармен күресте пісіп-жетілді. Ясауи ілімінің қалыптасуына
сондай-ақ түркі халықтарының дҽстүрлі дүниетанымы үлкен дҽрежеде ықпал
етті. Мақалада сопылықтың түркілік мектебі түркі-ислам синтезі негізінде
қалыптасқандығы деректер негізінде талданады. Автор аталған мҽселелерді
талдауда ҿркениеттік зерттеу методологиясы қолданды.
Түйін сөздер: ислам, тарих, түркілер, сопылық, шариғат, тариқат.
Түркі тектес, түркі тілдес халықтардың, соның ішінде қазақ халқының
рухани болмысы қалыптасуының бастауында жатқан қайнар кҿздердің бірі де
бірегейі Қожа Ахмет Ясауидің сопылық ілімі екендігін ешкім жоққа
шығармаса керек.
Сопылық ислам шеңберіндегі ҿзіндік дүниетаным ретінде ҮІІ-ҮІІІ ғғ.
алғаш Аравияда қалыптаса отырып, бірте-бірте мұсылман ҽлемінің басқа
аймақтарына да таралған болатын. Сопылық дүниетаным түркілер арасында
исламның алғаш Орталық Азия жеріне келген уақытынан-ақ, яғни ҮІІІ ғ.
екінші жартысынан қалыптаса бастайды. Бұған біз түркілер арасынан
шыққан мұсылман ғұламалары – Ҽбу Насыр ҽл-Фараби, Жүсіп Баласағұни,
Махмұт Қашқарилардың еңбектері арқылы кҿз жеткіземіз. Сонымен бірге, ХІ
ғ. ҿмір сүрген ғұлама ғалым М.Қашқаридың «Диуани-лұғат ат-Түрік» атты
еңбегінде келтірілген халықтық бейт-жырлардағы сопылық сарын,
сопылықтың түркі қоғамының қаймағы – шығармашылық элита арасында
ғана емес, қарапайым халық арасында да кеңінен таралуының дҽлелі бола
алады.
ХІІ ғ. дейін түркілер арасында тек дүниетаным ретінде ғана ҿмір сүрген
сопылықтың, дамыған діни-философиялық жүйе ретінде қалыптасып, ҿзіндік
ұйымдық формаға ие болуы Қ.А.Ясауидің қызметімен байланысты. Ясауийа
тариқатының қалыптасуы, оның ҿзіндік ерекшеліктері жайлы біз бұған
дейінгі зерттеулерімізде арнайы қарастырған болатынбыз [1]. Бұл баяндама
Қ.А.Ясауидің сопылық ілімінің ерекшеліктерін анықтауға арналады.
Ең алдымен, Ясауи ілімінің қалыптасуына ықпал еткен тарихи-
объективті факторларды анықтап алайық. Мұндай факторлардың
қатарындағы ең маңыздысы, ҽрине, ислам діні. Алайда, Ясауи ҿмір сүрген
ХІІ ғасырда ислам дінінде белгілі бір тоқыраушылық, кері кету құбылыстары
орын алып жатқан болатын. Ҿркениеттік зерттеу методологиясы тұрғысынан
алғанда бұл тарихи дамудың заңды кезеңі, яғни кез келген ҿркениет
қалыптасу, даму, құлдырау кезеңдерінен ҿтетін болса, ҮІІІ ғ. қалыптасқан
ислам діні, ІХ-Х ғғ. ҿзінің шарықтау шегіне жетіп, одан кейінгі уақытта
бірте-бірте
құлдырай
бастаған
болатын.
Исламдағы
құлдырау,
тоқыраушылықты біртұтас исламның бірнеше бағыттарға бҿлініп кетуінен,
ортодоксалды исламның ҿзі кҿбіне біржақты ойлайтын, фанатик, дүмше-
молдалардың қолында қалып қоюынан, ерте исламға тҽн болған еркін
ойшылдықтың қудалануынан, оның орнына соқыр сенімнің белең алуынан,
ерте исламға жат діни тҿзімсіздіктен, дінбасыларының дүниеқоңыздыққа
белшесінен батуынан жҽне т.б. кері құбылыстардан кҿрініс тапты. Ясауидің
сопылық дүниетанымы дҽл осы кері құбылыстармен күресте пісіп-жетілді.
Ясауи іліміне ықпал еткен келесі маңызды фактор – дҽстүрлі түркілік
дүниетаным. Ерте дҽуірлерден-ақ қалыптасқан түркілік дүниетанымның
негізінде Тҽңірі діні, аруақтарға сиыну, кҿшпелі ҿмір салтынан туындайтын
руханилықты материалдық құндылықтардан жоғары қоятын базалық
түсініктер жҽне т.б. жатты. Ҽрине, түркілерге тҽн бұл ізгі қасиеттер де сол,
алғашқы қалыптасқан уақытындағыдай таза, кіршіксіз күйінде сақталды
деуге болмайды, бұлай десек, біз тағы да ҿркениеттілік заңдылықтарына,
жалпы, дүниедегінің бҽрі үнемі ҿзгеріп тұратындығын негіздейтін
диалектика заңына қарсы келген болар едік. Алайда кҿшпелі ҿмір салтымен
байланысты динамизм, сондай-ақ дүниеден ҿткен ата-баба аруақтарын
құрмет тұту негізінде қалыптасқан ұрпақ сабақтастығы дҽстүрлері
түркілердің рухани ізгі қасиеттерін жекелеген тұлғалар арқылы болса да,
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып отырды. Атап айтқанда, ежелгі дҽуірдегі грек
философтарының кҿзқарастарының қалыптасуына ықпал еткен данагҿй
бабамыз Анахарсисті, одан бері қарай, орта ғасырларда екінші ұстаз атанған
ҽл-Фарабиден бастап, Жүсіп Баласаұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Игүнеки,
сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауиді де осы түркілердің рухани ортасы
қалыптастырған болатын.
Ең ақырында, Ясауи ілімінің қалыптасуына ықпал еткен негізгі
факторлардың бірі, ҽрине ол ҿмір сүрген тарихи кезең, яғни ХІ ғ. аяғы – ХІІ
ғасырдағы Түркістан ҿлкесіндегі саяси-ҽлеуметтік ахуал. Тарихи тұрғыдан
алғанда бұл ҿзіндік бір аласапыран, қым-қуыт кезең болған еді. Бүкіл
мұсылман ҽлемін біріктірген Халифат ыдырап, Орталық Азия, Мҽуереннахр
аймағының ҿз ішінде билік жолындағы талас-тартыс, бір ҽулетті келесі ҽулет
ауыстырып жатқан саяси тұрақсыздық жағдайы орын алды. Атап айтқанда,
алғаш Халифаттың ыдырауы тұсында Хорасан мен МҽуереннаҺрдағы билікті
қолына алған Саманидтерді (олардың билігіне Қазақстанның оңтүстік
аймақтары да қараған болатын), кейінірек Қараханидтер алмастырды. ХІ ғ.
басында Сыр бойынан үдере кҿшкен селжүктер, Мҽуереннаһр жерінде
тұрақтай алмай, ары қарай Хорасан жеріне ҿтіп, осындағы билеуші ҽулет -
Ғазнауилермен болған күресте бірте-бірте Хорасаннан бастап, Кіші Азияға
дейінгі аймақта созылып жатқан ұлан-ғайыр империяның негізін қалаған
болатын. Алайда империя ішкі талас-тартыстардың кесірінен кҿп ұзамай
ыдырап, империяның орнына құрылған Хорезмшахтар мемлекеті ҿз билігін
Мҽуереннаһр, жҽне онымен жапсарлас жатқан Түркістан аумағын да ҿзіне
қаратты. Хорезмшахтар билігі де ұзаққа созылмай, аймақты бастапқыда
қарақытайлар, артынша монғолдар жаулап алғаны тарихтан белгілі. Міне,
осындай аумалы-тҿкпелі, аласапыран заман сол дҽуірде ҿмір сүрген
адамдардың санасына ықпал етпей қоймайтын еді. Ясауи де ҿз заманының
бел баласы болды. Оның кҿзқарастарындағы эсхотологиялық сарындар, яғни
ақыр заманның таяп қалғандығын сезіну кҿңіл-күйлеріне сол ҿзі ҿмір сүрген
дҽуірдің осындай кері құбылыстары ықпал етсе керек.
Сонымен, Ясауи ілімі жоғарыда кҿрсетілген тарихи-объективті
алғышарттармен дайындалды. Ендігі кезекте Ясауидің сопылық ілімінің
тікелей ҿзіне тоқталып, оның ішкі мҽнін ашуға тырысып кҿрейік. Бұл
мҽселеде Ясауидің бізге дейін жеткен негізгі еңбектері - «Диуани хикмет»,
яғни сопылық сипаттағы ҿлеңдер жинағы жҽне «ФаҺрнама» атты
сопылықтың шарттарын талдап жазған рисалалар, яғни трактаттар түріндегі
еңбегі негізгі дерек кҿзі бола алады. Аталмыш еңбектерді оқи отырып,
Ясауидің сопылық іліміндегі маңызды ерекшеліктердің бірі оның ілімінің ең
алдымен шариғатқа негізделетіндігін байқаймыз. Сопылықтың кейбір ҽсіре
шеткері мектептерінде шариғатқа менсінбеушілікпен қарау, оның маңызын
тҿмендету үрдістері орын алатындықтан бұл ерекшелікті баса кҿрсеткіміз
келеді. Бұл турасында «Хикметтерде»:
Шариғатсыз тариқатқа кіргендердің
Шайтан келіп иманын алады екен...
Сондай-ақ:
Шариғат – дүр ғашықтар ҽфсанасы,
Болмаса асып туған нақ данасы, -
Басқаның тариқатқа жоқ таласы,
Бұл сырға ғаршы үстінде қандым міне» [2, 66]
деген жолдар айғақтайды. Сонымен бірге, «Фаһрнамада» Ясауи бабамыз
шариғаттың тариқатқа апаратын негізгі жол екендігін кҿрсете отырып,
шариғаттың он шартын кҿрсетіп береді, бұл 1) Алланың Бірлігі мен
Мұхамедтің елшілігін тану, осыған сену; 2) намаз; 3) ораза; 4) қажылық; 5)
зекет; 6) жылы сҿзді, кішіпейіл, қарапайым болу; 7) дінді пайғамбар жолына
сай ұстау; 8) жақсылықты жаю; 9) жамандықты тыю; 10) білім-ғылым табу
[3, 69]. Кҿпшілік мұсылмандар шариғаттың тек бес шартын ғана біліп,
басшылыққа алатындығы белгілі. Ясауидің шариғат шарттарын 10-ға
жеткізуі, біріншіден, оның шариғат жҿніндегі танымының кеңдігін кҿрсетсе,
екіншіден оның кҿпшілік байқай бермейтін дүниелерге мҽн беріп, олардың
адамның рухани тҽрбиесіндегі маңыздылығын түсінуінен туындаса керек.
Сонымен бірге бұл, Ясауи ілімінде ынтызарлық, ыждаһаттылық, яғни
Алланы танудағы ерекше ықыластылық қасиеттерінің дҽріптелетіндігінің де
айғағы бола алады.
Яссауидің пікірінше, шариғаттың талаптарын толық орындамайынша
тариқатқа аяқ басуға болмайды:
Ҽркім түссе тариқаттың жолына,
Ҽуелі қадамды шариғатқа қою керек,
Шариғаттың істерін ада қылып,
Одан кейін бұл дағуаны қылу керек
Шариғаттан сүрінбей ҿткен жолшыларға, яғни дҽруітерге Ясауи
тариқаттың 10 мақамын кҿрсетеді, Фаһрнамада жіктелген бұл мақамдар
мыналар: 1) тҽубаға келу; 2) пірге қол беру; 3) Алладан қорқу; 4) Үміт
(Алланың рахымынан қол үзбеу); 5) Уҽзипасын орындау (парыздан кейін
орындалатын шарттар); 6) Пірдің айтқандарын орындау; 7) Пірдің
рұхсатымен сҿз сҿйлеу; 8) Насихат тыңдау; 9) Дүниені санадан, ойдан
шығарып, Аллаға кҿңілмен жақындау; 10) Дүниеден сақтанып, тек қана
Аллаға берілу. Ясауидің сопылық ілімінің негіздерін түсіну осы он мақамды
жіктеу арқылы іске асса керек. Айта кететін жағдай, Ясауи кҿрсетіп отырған
сопылық жолдың талаптарында шариғат шарттарына қосылып отырған
талаптар кҿп емес, мұндай талаптарға тек пірдің орнын анықтаумен
байланысты мақамдарды ғана жатқызуға болады. Ал сонда тариқат жолының
шариғаттан ерекшелігі неде дегенде, ол тек сол шариғат талаптарын
кҿңілмен, ден қою арқылы, шын ықыласпен орындауды талап ету екендігін
кҿреміз. Дҽл осы мҽселе, яғни ықыластылық, риясыздық Хикметтердің ҿн
бойында кҿрініс тауып отырады:
Ей талапкер, ықылас керек, ғашық болсаң,
Жаннан кешіп, мехнат тартып садық болсаң,
Одан кейін Тҽңірдің құзырына лайық болсаң,
Лайық болмай, Оның дидарын кҿре алмайсың!
Ықылас – дін үшін жасаған істеріңнің барлығын Алла үшін жасау деген
сҿз. Ҽр істі жаныңдай сүйіп, сүйсініп істеуің керек. Бірақ, істеген
жақсылығың, қызметің үшін адамдардан ештеңе дҽметпеуің керек. Ықыласқа
қарама-қарсы құбылыс – риякерлік. Яғни, «жақсы екен десін, діндар екен
десін» деп халыққа жағыну, олардың кҿзіне түсуден туған мақтанның ең
тҿменгі дҽрежесі. Риякерлік адам үшін ең үлкен қауіп. Ҿзін діндар десін деп,
монтаны сопы болып жүрген, намазынан, оразасынан, тҽспісінен, зікірінен,
қылығынан, киімінен, ҽрекетінен діндар болып кҿрінген риякерлердің халі
шынайы діндарлыққа жат. Мұндайларды Ясауи жалған сопы деп атап,
оларды ҿз хикметтерінде ерекше сынға алады:
Жаннан кешпей «Ху, Ху» деудің бҽрі жалған,
Бұл арсыздан жҿн сұрама жолда қалған.
Пір қызметін ҿтейміз, дҽруішпіз дер,
Арам, мҽкрүһ білмейді, дорбасын толтырып жейді
Кҿзінде жас жоқ, зікір алқасына кірер,
Сырты дҽруіш, ақыреттен қорықпайды,
Істегені жаман іс, арамнан еш үрікпейді.
Рия тҽспісі қолында, кҿзінде жас жоқ.
Жалған шайх жарамсыз бірдеңелерді оқып алып, ҿзін халыққа
шайхпын деп танытады. Шайхтықты күнкҿріс кҿзіне айналдырады. Ясауи
Фаһрнама еңбегінде жалған шайхтар жайлы: «Олар (шайхтар) мүриттерінен
дҽме қылады... Егер мүриттері оған сый-сияпат бермесе «Мен де бизар, Алла
да бизар», - деп айқайлап ұрысады», - деп сынға алса, ал«Хикметтерде»
жалған шайхтардың нҽпсіқұмарлығы одан да бетер масқараланады:
Суфи болғансып, нҽпсің мен ҽр дем есікке қарайсың,
Сияпат алып келді ме деп келген кісіге қарайсың
Алланың лағнетін мойныңа ҽр дем тағасың,
Суфи-сипат болдың, бірақ еш мұсылман болмадың.
Сопылық жолда Ясауи ҽркез ҿзіңе сақ болуды, нҽпсінің құрған
тұзағына түсіп қалмау үшін, ҽрдайым ҿзіңнің шынайы талап-тілектеріңді
екшеп отыруыңның қажеттігін түсіндіреді. Сопының басты мақсаты -
Алламен қауышу болса, сопылық жолға түскендердің ең үлкен қаупі осы
негізгі мақсатынан адасу. Ҿйткені адамның нҽпсісі ҽрдайым оны мақсатынан
тайдыруға дайын тұрады. Жолға түскендердің халықтың мақтауына еріп,
Хақтан ажырап қалу қаупі бар. Осы құбылыс ҿзіндік сын – меламат
түсінігінің негізі болып табылады. Меламат – адамның ҿзін тҿмен санауы,
халықтың оны даттауы мен масқаралап ҽжуалауын қалауды білдіреді. Яғни,
меламет адамның ҿзін басқалардан артық санап, менмендікке салынып
кетпеуін қадағалауының негізгі тҽсілі. Діндарлығымен ҿз-ҿзіне мақтанып,
менмендікке салыну ҿте қауіпті нҽрсе, сондықтан да Ясауи ең алдымен ҿзін
осындай қауіптен сақтандырады:
Құл Қожа Ахмет жамандардың жаманы Сен,
Барша бидай, ел тұтпайтын сабаны Сен.
Жолдан азған күнаһарлардың наданы Сен,
Келіңіздер закир құлдар зікір айтайық.
Меламат ҿте қиын іс, бірақ сопылардың жолындағы бұл кедергіні
Аллаға деген шексіз махаббат арқылы жеңуге болады:
Шын кҿңілмен тағат қыл, Алла білсін,
Халық ішінде бейшара бол, ҽлем күлсін.
Топырақ сипат, қор кҿрін, нҽпсің ҿлсін,
Жҽрдем етсең, нҽпсімді жеңіп, жыласам мен.
Ясауидің сопылық ілімі ҿз кезінде «Хал ілімі» деп те аталған екен.
Мұның мағынасы адамның жан-дүниесінің, рухының кіршіксіз, таза, Аллаға
деген ерекше махабатқа толы халіне жеткізетін ілім дегенді білдірсе керек.
Бабамыздың ҿз ілімін осылай атағаны оның ең мықты шҽкірттерінің бірі
Сүлеймен Бақырғанидың (Хакім ата) ҿз ұстазына арнаған мына арнауынан
кҿрінеді:
Басса таулар шегінген,
Бақса Қағба кҿрінген.
Хал ілімі берілген
Шайхым Ахмет Ясауи.
Асыл еді нҽсілі,
Білмес адам пасығы,
Хақтың ғана ғашығы
Шайхым Ахмет Ясауи.
Заманында кеңінен қанат жайған Ясауидің «хал ілімінің шарапатынан
елімізде түрме, жетімдер үйі, қарттар үйі, маскүнемдік, нашақорлық,
зинақорлық секілді жҽне басқа азғындық атаулының ешбірі болмаған [4, 88].
Ясауи сопылығының негізінде жатқан осы хал ілімін ұстану арқылы, ҽрбір
жеке адам бақытқа жетіп, ҽлемде «қой үстінде бозторғай жұмыртқалайтын»
жұмақ заман орнайды деген үмітпен ҿмір сүреді ҽрбір түркі текті мұсылман.
Ең бастысы, түркі текті халықтар үшін нҽпсінің ҽр түрлі азғыруларымен
күрестің бұдан озық тҽсілі ҽзірге ойлап табыла қоймағандығын
мойындауымыз керек.
-----------------------
1.
Қартабаева Е.Т. Йасауийа тариқатының ҿзіндік ерекшеліктері жайында
// Қазіргі тарих ғылымының проблемелары: жаңа бағыттар мен
кҿзқарастар.
«Бекмаханов
оқулары»
халықаралық
ғылыми
конференция материалдары. Алматы, 2010; Қартабаева Е.Т. Қожа
Ахмет Ясауидің сопылық ілімінің ерекшеліктері //
2.
Қожа Ахмет Йасауи. Хикмет жинақ. – Алматы, 1998.
3.
Намық Кемал Зейбек. Қожа Ахмет Йасауи жолы жҽне таңдамалы
хикметтер. – Анкара, 2003.
4.
Жүнісбаев Ұ. Ладуни ғылым // Қожа Ахмет Ясауи мұрасы мен ілімінің
зерттелу мҽселелері. Халықаралық конференция. 29 қыркүйек – 1 қазан
2008 ж. Түркістан қаласы. – Алматы, 2008.
Достарыңызбен бөлісу: |