мыс істеуге машықтанады. Мектеп маңын-дағы көктемгі, күзгі жұмыстар,
кештерге, тапқырлық ойындарға қатысу жатады.
Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру түрлі мынандай әдістері-
мен жүргізіледі: әңгіме, әңгімелесу, түрлі қызықты қосымша кітаптармен
жұмыс, лабораториялық-практикалық жұмыс, бақылау, тәжірибе жүргізу
т.с.с. әдістер жатады. Сыныптан тыс жұмыстар ұқыпты дайындықты қа-
жет етеді.
Сабақтан тыс жұмыс – мұғалімнің жеке және топтық тапсырмалары
бойынша практикалық жұмыстар курсын меңгерумен байланысты мін-
детті сабақтардан кейін оқушыларды ұйымдастыру формасы. Қоршаған
айналаны бойынша бұл: фенологиялық жұмыс, тірі табиғат бұрышында
(үй жануарлары мен бөлме өсімдіктерін күту), тәжірибелі мектеп жанын-
дағы учаскеде, географиялық алаңда жұмыс істеу, қосымша әдебиеттен
сабаққа хабарламалар дайындау, сынып бұрышын (өлкетану, валеоло-
гиялық және т. б.) ресімдеу, әр түрлі жағдайларда тұқым өсіру және т. б.
болуы мүмкін.
Сыныптан тыс жұмыс-мұғалімнің басшылығымен сабақтан тыс оқу-
шылардың ерікті жұмысын әртүрлі ұйымдастыру формасы. Келесі түр-
лерге бөлінеді: жеке (жеке оқушыларға нақты тапсырмалар), топтық (фа-
культатив немесе үйірме жұмысы), жаппай (мерекелерге, таңертеңгілік-
терге және т.б. қатысу).
«
Қоршаған айналаны оқыту әдістемесі» бойынша сыныптан тыс жұ-
мыс түрлеріне тақырыптық апталар мен олимпиадалар өткізу, таңертең-
гіліктерді, мерекелерді, викториналарды, турнирлерді, эстафеталар мен
т. б. ұйымдастыру, жобалық іс-әрекет, табиғи оқу жолы бойынша экскур-
сиялар және т. б. жатқызуға болады.
Сабақтарда жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысы мен сыныптан тыс жұ-
мыстар арасында тығыз байланыс бар. Оқу сабақтары оқушылардың
пәнге деген қызығушылығын дамыта отырып, сыныптан тыс жұмысты
өрістетуге ықпал етеді, керісінше, оқушылардың білімін практикада қол-
дануға мүмкіндік беретін, осы Білімді кеңейтетін және тереңдететін сы-
ныптан тыс сабақтар оқушылардың үлгерімін және олардың оқуға деген
қызығушылығын арттырады. Алайда сыныптан тыс жұмыс оқу жұмысын
қайталамауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: