2.
Кеңестік дәуірдегі әдістеменің дамуы.
Кеңес мектебі пайда болған алғашқы кезінен–жаңа үлгідегі мектеп
құру міндеті күн тәртібінде тұрды. Міне осы уақыттан бастап советтік
кезең (2-кезең) болып саналады. 1920 ж. қабылданған бағдарламаларға
сәйкес қоршаған айналаныды оқыту мектептің 2-5-сыныптарына оқу пәні
ретінде енгізілді, әрі қарай пәндік оқыту жүзеге асырылды. Жаңа бағдар-
ламалар жасауға В.Н.Верховский, Б.Е.Райков, А.А.Яхонтов қатысты.
Бағдарламалар негізіне зерттеу әдісі, зертханалық-практикалық сабақ-
тар, экскурсиялар сияқты педагогикалық тәсілдер енгізілді. Алайда ол
кездің мектептерінде зертханалық-практикалық сабақтарды ұйымдасты-
руға қажетті құрал – жабдықтар тапшы болды. Осыған байланысты бірін-
ші орынға экскурсия түрі шықты, өйткені оларға анағұрлым құралдар
қажет етпеді. Мектеп зертханасындағы жұмыс экскурсияда жиналған ма-
териалдарды өңдеп, талдап, зерттеуден тұрды. Жас натуралистердің
экскурсиялық станциялар мен биостанциялар құру жөнінде белсенді жұ-
мыстар жүргізілді. Педагог Б.В.Всесвятскийдің жас натуралистер қозға-
лысын ұйымдастыруы бүкіл одаққа таралып, қоршаған айналаны бойын-
ша сыныптан тыс жұмыстың маңызды түріне айналды.
XX
ғасырдың басында бастауыш сыныптарда табиғаттануды оқыту-
дың жалпы әдістемесі шығарыла бастады. Бастауыш сыныптарда таби-
ғаттануды оқытуәдістемесін дамытуға педагог Л.С. Севрук мол үлес қос-
ты. Ол жеке тақырыптық сабақтарға әдістемелік нұсқау даярлады, әсіре-
се өлі табиғат бөлімі жайлы тақырыптарға толық етіп жазған. Бұл сол
кезде өлі табиғат – өсімдіктер – жануарлар схемасы бойынша жазылған
бірденбір жетекшіәдістемелік құрал болды.
Алайда бұл пәннің жүргізілуі өте төменгі жағдайда қалды. Оқыту
формальды түрде жүрді. Оқу құралдары тапшы, тәжірибе жасауға
арнайы жай болмады, оқу барысында тек бор мен кітап ғана пайда-
ланылды.
XXғасырдың алғашқы онжылдығында педагог-ғалымдардың күшімен
қоршаған айналаны курсының барлық бөлімдерінде қарастырылатын
лабораториялық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау даярланады.
А.Я.Герд атап өткендей табиғатты танып білуде табиғатқа экскурсия
өткізудің міндеттілігі және оның маңызды ролі айқын көрсетіліп, мектепке
енгізіледі.
1911
жылы Б.Е.Райков қоршаған айналаныды оқытуда тәжірибе-
зерттеу әдісін қолдануды ұсынды. Оқушылар өздеріне ұсынылған зат-
тарды немесе организмдерді зерттей отырып, олардың қасиеттері мен
құрылысының ерекшеліктерін анықтауға тиіс болды. Зерттеу принципі
мектеп жұмысының практикасынамықтап енді. Оқушылардың өз бетінше
жұмыс істеуі, оқу материалының тәжірибелік сипаты осы әдістің өзіне тән
белгісі болатын. Тәжірибелік-зерттеу әдісі кең тарап, қоршаған айналаны
әдістемесінің дамуына үлкенықпал етті.
1916
жылы К.П.Ягодовскийдің «Бастауыш мектептегі қоршаған айна-
ланы дан практикалық сабақтар» атты еңбегі жарық көріп, бастауыш мұ-
ғалімдерінің әдістемелік құралына айналды. Кітап Л.С.Севруктің ескірген
оқу құралын алмастырып, бастауыш мектепте қоршаған айналаны пәнін
оқытудың қалыптасуына елеулі әсер етті.
Қоршаған айналаны пәнін оқыту саласындағы ірі әдіскер А.Я.Гердтің
ұлы В.А.Герд болды. Ол өзінің «Естествознание как особый предмет в
начальной школе» атты еңбегінде бастауыш мектепте қоршаған айна-
ланыға жеке сабақтар бөлуді, бұл пәнге өзіне тән әдістерімен оқытуды
талап етті. Оқулық үлкен тарихи маңызға ие болды. В.А.Герд жаңа үлгі-
дегі мектепті ұйымдастыруға үлкен үлес қосты.
Сонымен революцияға дейін қоршаған айналаны пәндері бойынша
педагогикалық, әдістемелік жұмыстар жеткілікті белсенді жүргізілді, бірақ
үздік әдістемелік идеялардың практикаға енгізілуі баяу және қиындықпен
жүрді. Ол кезде қоршаған айналаны пәні маңызды пән ретінде саналуы
жағынан соңғы кезекте тұрды, маңызды пән ретінде саналған жоқ.
1923
жылы мектептегі қоршаған айналаны курсына түбегейлі өзгеріс
енгізілді. Мемлекеттік ғылыми кеңес кешенді бағдарлама түзу идеясын
ұсынды, бұл жекеленген пәнді оқытуды жоққа шығарды. Бірақ бастауыш
мектепте табиғаттанудың жалпы принциптері сақталынып қалды.
1927
жылы МҒК шешімімен бағдарлама негізінің 1-сатысы бас-
тауышта білім беру 4 жылдық болып енгізілді. Табиғаттану негізгі оқу
пәні ретінде 1-4 сыныптарға дейін жүргізілетін болды. Бұл бағдарлама
1931
жылға дейін жүзеге асты. 1931 жылдан бастапмектептер он жыл-
дықжаңажүйеге көшірілді. Соған байланысты бастауыш мектепте таби-
ғаттану пәні бойынша жаңа бағдарлама ұсынылды.
1933
жылы мектепке арналған тұрақты оқулықтар бекітілді, оның
ішінде В.А.Тетюрованың «Табиғаттанудың бастамасы» оқулығы бар. Жа-
ңа бағдарламалар мен оқулықтар табиғаттану әдістемесін қайта құруды,
практикалық бағытты күшейтуді талап етті. Осы кезеңде қоршаған айна-
ланы әдістемесін дамытуға А.А.Половинкин, К.П.Ягодовский, К.А.Сонгай-
ло, С.А.Павлов сияқты педагог-әдіскерлер үлкен үлес қосты.
Александр Александрович Половинкин (1887-1955) бастауыш мек-
тепте географияны оқыту әдістемесі саласында жұмыс істеді. 1939 жылы
бастауыш мектептің мұғалімдеріне арналған географияны оқытудың
алғашқы әдістемесін жазды. Онда оқушыларға алғашқы географиялық
«план», «карта» түсініктерін қалыптастыруға нұсқаулар беріліп, оқушы-
ларды қоршаған ортамен таныстыру үшін экскурсия жасаудың қажеттігін
негіздеді.
Константин Павлович Ягодовский (1877-1943) – бастауыш мектепте
қоршаған айналаныды оқыту әдістемесі жөніндегі көптеген еңбектердің
авторы: «Бастауыш мектепте қоршаған айналаныдан қалай сабақ беру
керек», «Мектепте және үйдегі тіршілік мүйісі», «Бастауыш мектепте қор-
шаған айналаныдан практикалық сабақтар», «Қоршаған айналаныдан
сабақ беру тәжірибесі» және т.б. бірқатар әдістемелік құралдар жарияла-
ды. К.П.Ягодовскийдің еңбектерінде кіші мектеп жасындағы балалардың
табиғатты зерттеуге психологиялық қажеттілігі бірінші рет анық және се-
німді түрде ашып көрсетіледі. Оның бүкіл ғылыми жұмысының қорытын-
дысы «Қоршаған айналаныдың жалпы методикалық мәселелері» кітабы
болып табылады.
Қоршаған айналаныды оқыту әдістемесін негіздеуге ұмтыла отырып,
автор алдымен педагогикамен және психологиямен байланыстыруды та-
лап етеді. Өйткені тәрбие мен оқытудың жалпы теорияларынсыз, бала-
лардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін ескермейтін
әдістемені ғылыми негізде құруға болмайды деп дұрыс есептеді.
К.П.Ягодовский бағдарламалардағы қоршаған айналаны материал-
дары мазмұнына қойылатын мақсаттар мен талаптарды көрсетеді. Оның
қоршаған айналаныды мүмкіндігінше бұрынырақ оқып білу керек, өйткені
бұл келесі жүйелі курстарды оқыту үшін қажетті негіз болып табылады
деген.
Сонгайло Константин Антонович (1890-1961) – көбінесе бастауыш
сыныптарда географияны оқыту әдістемесі мен мазмұны саласында ең-
бектер жасаған географ-методист. Көрнекті педагог-натуралист Сергей
Андроникович Павлов мектепте құрал-жабдықтар мен оқу құралдарымен
қамтамасыз етуде көп жұмыс атқарды. Оның коллекцияларды дайындау,
зертханалық сабақтарға приборлар әзірлеу жөніндегі әдістемелік нұсқау-
лары мектептегі табиғат туралы ғылымдарды оқып-үйрену процесін же-
тілдіруде үлкен маңызға ие болды. Ол мектепті табиғатқа жақындатуға
ұмтылды, онда тірі табиғат бұрышын ұйымдастыруды насихаттады.
Дегенмен бұл кезеңнің бағдарламалары іс-жүзінде тым кең әрі күр-
делі болып шықты. Сондықтан олар бірнеше рет қысқартуға ішінара
өзгертуге ұшырады. 40-жылдары табиғаттану оқу пәні ретінде бастауыш
мектептің алғашқы үш сыныпының оқу жоспарынан алынып тасталынды.
Тек 4-сыныпта ғана өлі табиғаттың жеке курсы енгізілді. 1-және 2-
сыныптардағы материал маусымдық құбылыстардың айналасында топ-
талды және өлкетану материалдары жергілікті обьектілер бойынша оқы-
тылды. 3-сыныпта өсімдіктер мен оларды адамның пайдалануы, жабайы
және үй жануарлары қарастырылды, адам денесі және оның денсаулы-
ғын қорғау туралы түсініктер берілді. Тек 4-сыныпта ғана дербес оқу пәні
ретінде жүргізіліп, жеке оқулық болды. Он жылдық оқу тәжірибесі таби-
ғаттану бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтардың материалы
тым көптігін, бөлінген оқу сағаттарына сыймайтынын және оқушылардың
оны ойдағыдай меңгеруі қиын екендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |