Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года



Pdf көрінісі
бет36/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   222
Байланысты:
annotation141066

 
өмір бойы білім алу, үздіксіз білім, ересектерге арналған білім, ересектерді 
оқыту, қосымша ересектерге арналған білім, қосымша кәсіптік білім.
К
іріспе.
ЮНЕСКО және Еуропа Кеңесі 
ресми түрде XX ғ. 70-ші жылдары 
басты білім стратегиясы ретінде білім беру 
процесінің үздіксіз сипатын бекітті. Атал-
мыш терминнің өзі прагматизмнің негізін 
салушы Дж.Дьюидің еңбектерінде көрініс 
тапты. Д.Дьюидің ұсынған оқыту теория-
сы оның ақиқат теориясымен тығыз байла-
нысты және де қарама-қайшылыққа толы 
болды. Бұл идея тек өткен ғасырдың екінші 
жартысынан бастап өмірлік күшін танытуға 
мүмкіндік алды, тек 1976 жылы АҚШ-та 
«Өмір бойы оқыту туралы» Заң қабылданды. 
«Өмір бойы білім алу» («lifelong education») 
деп аталатын теория батыстық андрагогика-
да көптеген бағыттарды құрудың бастапқы 
педагогикалық контексті ретінде жалпы 
«ересектерге қосымша білім беру» ұғымына 
біріктірілді. 
Негізгі бөлім.
Өмір бойы оқу білім 
және оқытудың үш типіне жатады: фор-
малды оқыту (оқыту мақсаттары мен оның 
ұзақтығына сәйкес реттелген оқу орын-
дары мен оқытатын құрылымдары жүзеге 
асыратын және білім туралы куәлік беру-
мен аяқталатын оқыту); спонтанды оқыту 
(адамның күнделікті тіршілігі барысында 
оның қызметімен, отбасындағы өмірімен, 
демалысты өткізумен байланысты және 
оқыту мақсаты мен ұзақтығы жағынан 
құрылымдалмаған оқыту, сонымен қатар 
білім туралы куәлік алу көзделмеген); 
формалды емес (бейресми) оқыту (оқу 
мекемесінен тыс және оқыту туралы куәлік 
алу мақсаты қойылмаған оқыту; оқыту 
мақсаты мен ұзақтығы жағынан алғанда 
құрылымдалған). Өмір бойы оқу кәсіптік 
оқыту мен еңбекпен қамтумен байла-
нысты болады, сондай-ақ белсенді аза-
маттарды қалыптастыру, тұлғалық өзін-
өзі жүзеге асыру, әлеуметтік үйлестіруді 
қамтиды. Еуропалық Кеңестің Лиссабондық 
шешімдерін жүзеге асыру бойынша негізгі 
құжаттарында кәсіптік білім және оқыту 
өмір бойы оқыту арнасында даму керектігі 
айтылған [1]. Б.В. Яковенконың пікірінше, 
«прагматизм – бұл қарама-қайшылықтардың 
түйіні, философиялық идеялардың адасу 
ортасы» [2] десе, А.М. Митина «өмір бойы 
білім алудың стандарттық моделінің жоқ 
екенін алға тарттты» [3]. 
The central characteristic of lifelong education 
is to be found in its label-learning takes place at 
all ages and not merely during childhood, and 
should be systematically supported throughout 
each person's lifetime. Lifelong education is, 
therefore, a set of financial, organizational, 
administrative, and didactic procedures for 
the fostering of lifelong learning [4]. Үздіксіз 
білім берудің басты сипаттамасы оның білім 
беру процесінің ұдайы жүргізілуінде, яғни 
білім беру процесі адам өмірінің барлық 
кезеңдерін қамтиды, атап айтсақ, білім беру 
тек балалық шақта ғана орын алмауы ке-
рек, сонымен қатар адам өмір бойы үздіксіз 
білімді жүйелі түрде толықтырып отыруы 
шарт. Сонымен, үздіксіз білім дегеніміз – 
ұдайы білім алуға үйрететін қаржылық, 
ұйымдастырушылық, әкімшілік және дидак-
тикалық үдерістер жиынтығы. 
XX ғ. 60-шы жылдары «жалғастырылған 
білім» (ұзартылған) 
(«continuing education») 


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
Педагогиканың және психологияның әдіснамасы мен теориясы/
Методология и теория педагогики и психологии /Methodology and theory of pedagogyand psychology
44
45
ясына (жұмыссыздар, запасқа босатылған 
әскери адамдар, мигранттар, кешкі мектеп 
оқушылары т.с.с.) арналған білім жүйелерін 
сипаттайтын педагогиканың дербес саласы 
(Монахова Л.Ю., Марон А.Е.);

ересектерге арналған білімнің мақсатын 
тұжырымдау мен оны жүзеге асыруға мүм-
кіндік беретін ғылыми білімнің межелес са-
лалар мен ересек білімінің тәжірибесін тану 
және жинақтайтын ғылым (Шамес Л.Я.); 

оқыту процесін ұйымдастыруда ересек 
білім алушы мен оқытушының іс-әрекетін 
негіздейтін ересектерді оқыту туралы ғылым 
(Змеев С.И., Соколова А.С.); 
– 
оқыту процесінде ересектің өзіне жетек-
ші рөл берілетін және ересек оқушы мен 
оқытушының бірлескен іс-әрекеті жүріп оты-
ратын ересектерге арналған білімді танып-
білуге дәне оның практиксын жинақтауға 
бағытталған ғылым (Кибатаева Н.К.); 

тұлғаны есею кезеңінде оқытудың ерек-
шеліктерін зерттейтін ғылым (Орлова О.А.) 
және т.б.
Адам өмірінің әрбір кезеңіне психофизио-
логиялық, әлеуметтік-психологиялық, кәсіп-
тік ерекшеліктер тән болғандықтан, осы 
ерекшеліктер ересектерге арналған білімді 
ұйымдастырудың өзгешелігін анықтайды. 
Андрагогикалық білім жүйесінің қоғамда-ғы 
заманауи әлеуметтік жағдаятпен байланыс-
тылығы оның заңдылығы ретінде ересек-
тер білімінің парадигмалды негіздерін 
жаңғыртуды керек етеді; андрагогикалық 
білімнің нәтижелілігі ересек адамның 
білімдік іс-әрекеттің субъектісі ретінде 
белсенділігіне және ішкі мотивациясына 
жақсару деңгейіне байланысты болады. 
Н.Д. Хмельдің «Кәсіптік даярлық – еңбек 
іс-әрекетінің кез келген саласы үшін кәсіптің 
белгілі бір түрін меңгерумен байланысты ма-
манды қалыптастыру процесі. Мамандықты 
игеретін әр адам кәсіптің үш аспектісін 
(мазмұндық, тұлғалық, процессуалды) білу 
керек. Мұғалімнің кәсіптік даярлығы тұтас 
педагогикалық, оқу-тәрбие процесі тура-
лы білімдерді құрайды» деген [8] ғылыми 
тұжырымының андрагогикалық білімнің 
әдіснамалық негізін тұжырымдауда маңызы 
зор, өйткені ересектерге арналған білімді 
жүзеге асыруда олардың жас ерекшеліктері, 
тәжірибесі, дербестігін ескеру негізінде 
бірлескен танымдық, тәжірибеге бағытталған 
іс-әрекет туралы ұғымдар жүйесін қамтитын 
арнайы андрагогикалық дайындықтың ке-
ректігі айқын көрінеді. Демек, тұлғаның 
әрекеттік және шығармашылық мәні тура-
лы ілім, жүйелік-құрылымдық тұғыр андра-
гогикалық білімнің әдіснамалық негіздері 
қатарында жетекші орын алады.
Андрагогика саласындағы теорияларға 
талдау жасай келе, С.И. Змеёв: «білім алу-
шы тарапынан дербес өз бетінше оқудың 
басымдылығы; өзінің оқу процесін ұйым-
дастыру бойынша ересек оқушы мен оқы-
тушының бірлескен әрекетінің басым бо-
луы; оқытудың қайнар бұлағы ретінде 
ересек оқушының тәжірибесіне сүйену; 
оқытудың жүйелілігі мен контекстілігі; 
оқыту нәтижелерін өзектендіру; оқытудың 
элективтілігі; ересек оқушылардың білім-
дік қажеттіліктерін дамыту; оқытудың 
саналылығы андрагогикалық принцип-
тер ретінде белгілі болып отыр», – деп 
тұжырымдайды [9]. Ересектердің оқы-
туға деген саналы қарым-қатынасы реф-
лективтілік принципіне сәйкес келеді, 
сондықтан да олардың ішкі мотивация-
сын күшейтуге мейлінше позитивті түрде 
ықпал етеді. Андрагогикалық білімнің 
әлеуметтік-мәдени алғышарттары оның 
әлеуметтік тәжірибесіне, әлеуметтендіру 
ерекшеліктеріне, тұлғаның ұлттық және 
әлемдік мәдениетке кірігу жағдайындағы 
білімдік қажеттіліктерінің өсуіне байланы-
сты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет