Тақырыбы: Медициналық интроскопияның негізгі техникалық құралдары



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата19.10.2023
өлшемі262,92 Kb.
#119517
1   2   3   4
Байланысты:
7 Медицинада қолданылатын электрофизикалÑ‹Ò› емдеу тәсілдері

МЕББМ ҚАЗАҚСТАН- 
РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ 
 УНИВЕРСИТЕТІ 
 
 НУО КАЗАХСТАНСКО 
РОССИЙСКИЙ МЕДИЦИНСКИЙ 
УНИВЕРСИТЕТ 
 
Сонымен қатар биологиялық зерттеулерде аса жоғары жиілікті қолдану диэлектрик қасиеттерімен 
ұлпаның гидратация дәрежесін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Емдеу мақсатында сантиметрлік дипазондағы жиіліктері 460 МГЦ (
см
65


) және 2375 МГц (
см
6
,
12


) электромагниттік толқындармен ағза ұлпаларына әсер ету микротолқынды терапия 
деп аталады.
Әсер ету дененің беткі сәйкес қабатын арнайы сәулендіргіштің көмегімен сәулелендіру арқылы 
жүзеге асырылады.
Сантиметрлік толқындар ағза ұлпаларының беткі қабаттарынан жұтылады. Олардың алғашқы әсері 
электролит ерітінділеріндегі иондардың тербелісімен, диэлектриктерде полярлық молекулалармен 
түсіндіріледі. Сондықтан олардан жылу бөлініп шығады.Мұндай жағдайда микротолқындардың 
әсері етуі УЖЖ электр өрісінің әсер етуімен ұқсас. АЖЖ тербелісінде су молекуласы бағытталу 
терблісінде айырықша мәнге ие болады. Сондықтан толқынның ең көп жұтылуы және жылудың 
бөлінуі судан тұратын ұлпаларда, мысалы, бұлшық етті ұлпа және қанда, аз болуы - майлы 
ұлпаларда. Осындай қаситтерімен микротолқынды терапия УЖЖ терапиясынан ерекшелінеді. 
УЖЖ- терапия аппараты 
УЖЖ
 
- терапия аппараты құрылысының негізін сәйкес жиілік пен қуатты гармониялық 
тербелістердің генераторы құрайды. (сурет-1, 2) 
Барлық аппараттарға тән ерекшелік тербелмелі контурдың болуы. Тербелмелі контурға 
адам денесіне жапсырылатын электродтар тіркеледі. Мұндай контурларды терапевтік деп 
атайды.Тербелмелі контурдың болуы қауіпсіздік техникасы тұрғысынан міндетті,себебі 
генератордың өзіне ЖЖ тербелістерден басқа лампаларды қоректендіретін жоғары кернеулер 
жұмыс жасайды. Ауру адамға бұл кернеулердің зиянды әсерлері болмас үшін,жанасатын t электрод 
L;С тербелмелі контурға қосылады.
Терапевтік контурға әр түрлі электрлік параметрлері бар обьектілер қосылатындықтан
терапевтік контур әр процедурада резонанс құбылысына бейімделуі қажет. Бұл үшін конденсатор 
айнымалы сыйымдылыққа ие болады. 
Пациент қауіпсіздігі үшін УЖЖ- терапия аппараты схемасына ТК қосылған. ТК анодтың 
тербелмелі контурмен байланыс орамымен байланысқан (ВС). Үлкен қуат алу үшін ТК, айнымалы 
С
т
конденсатордың көмегімен резонансқа бейімделуі. УЖЖ электр генератормен өрісінің 
пациентке әсері электродтардың көмегімен жүзеге асады. Аппараттың барлық электр схемасы 
металл корпусқа ендірілген. Жеке элементтері экрандалған. Басқару элементтері алдыңғы панельде 
орналасқан және сәйкес жазулары бар. 
Электродтардың арасында электр өрісінің кернеулігінің таралуы электродтардың өлшеміне
олардың ара қашықтығына және өзара орналасуына тәуелді. Таралуды ДА- дипольдік антеннаның 
көмегімен зерттеуге болады.ДА- екі өткізгіш, екі ортасына жартылай өткізгішті диод қосылған. 
ДА миллиамперметр жалғанған. 
ДА контурындағы ток күші УЖЖ электр өрісінің кернеулігіне пропорционал. ДА ағаш рейканың 
шетіне орналасады, вертикаль және горизонталь бағыттарда жылжиды. Бағыттаушы рейкада әр 
сантиметр сайын бөлікке бөлінген. Бұл ДА-ң электродтарға қарағандағы орнын анықтауға 
мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет