Талаптар мен айыпты санкциялар: 1. Оқу процесіне белсенді қатысу.
2. Сабаққа кешікпеу.
3. Аудиторияға сыртқы киімді шешіп кіру.
4. Сабақ барысында бір-бірімен сөйлеспеу, газет оқымау, ұялы телефондарды өшіру, сағыз
шайнамау.
5. Оқу бөлмелерінде шылым шекпеу және тәртіпсіз сөздерді қолданбау.
6. Босатылған дәрісті өздігінен игеріп, тапсыру негізгі балл мөлшерінің 50%-мен бағаланады.
7. Уақытында орындалмаған тапсырмалар (бақылаудың барлық түрлері) негізгі балл мөлшерінің 50%-
мен бағаланады. Тапсырмаларды орындамағаны үшін қорытынды баға төмендетіледі.
Аталған талаптарды орындау емтиханға қатысуды қамтамасыз етеді.
Соңғы қорытынды баға төмендегілерден шығарылады: 1. Дәріс сабақтарына қатысу.
2. Дәріс сабақтарына белсенді қатысу және барлық тәжірибелік жұмыстар мен СӨЖ орындау мен
қорғау.
3. Білімдердің шекті бақылауы.
4. Емтихан (сынақ) бағасы.
Білімді бағалау баллдық-рейтинг жүйесін қолданумен жүзеге асырылады, студент
күнтізбелік кестеге сүйеніп өз білім деңгейін өзі бағалай алады. Қажетті баллдар санын жинау үшін
студент барлық дәріс, тәжірибелік сабақтарға белсенді қатысу қажет. Егер аталған шарт орындалмаса,
студент барлық тақырыптарды игеріп тапсырудан кейін ғана емтиханға жіберіледі.
Семестр бойы білім деңгейі үнемі тексеріледі.
Орындалған жұмыстарды тапсыру бақылау шараларының күнтізбелік кестесі бойынша
жүзеге асырылуы шарт.
Босатылған сабақтардың тақырыптарын игеріп тапсыру: Орынды себеппен тәжірибелік жұмысты орындамаған студент оны келесі жұмада тапсыра
алады, бірақ сол жағдайда жұмыстың орындалуы 1 баллға төмендетіліп бағаланады.
Шекті бақылау кезінде басқа студенттен жазбаша жұмысты көшіріп алуға тыйым салынады
(көшірілген жұмыс есептелмейді).
Емтихан ауызша түрде өтеді. Студент үш сұраққа жауап беру тиісті. Емтиханда берілген
жауап төмендегідей бағаланады:
-100 балл – барлық сұрақтарға толық жауап үшін;
-75 балл – екі сұраққа толық жауап үшін;
-75 балл – барлық сұрақтарға толық емес жауап үшін;
-85 балл – екі сұраққа толық жауап, ал үшіншісіне толық емес жауап үшін;
-50 балл – бір сұраққа ғана толық жауабы үшін;
-0 балл – жауабы болмаған жағдайда.