Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет98/200
Дата20.10.2023
өлшемі2,48 Mb.
#119854
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200
Байланысты:
5f48db6acc320 1598610282 (1)

Ақша
-
несие жүйесі жəне Қазақстан Республикасындағы ақша

несие 
саясаты.
 
Несие деп қайтарылу негізінде, белгілі бір мерзімге төлем арқылы 
уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалануға беруді айтамыз. 
Несие келесідей қызмет атқарады
: 1) 
қайта бөліну, яғни белгілі бір
сфераның, кəсіпорынның уақытша бос ақша қаражаттарын
қажет етуші 
сфераларға бөлу. 2) тауар айналысына қызмет ету. Уақытша бос ақша
қаражаттарын
ала отырып, өндірістің көлемін ұлғайтуға мүмкіндік туындайды, 
осының
салдарынан айналасындағы тауар мөлшері де көбейеді. 3) Айналыс 
шығындарын үнемдеу. Несиені тиімді пайдаланған кезде қосымша ақша
қаражаттарын табуға болады. Осының
салдарынан табылған табыстың бір 
бөлігін несиені қайтаруға,
ал
қалғанын өндірісті нығайтуға жұмсалады. 4) 
Ғылыми техникалық прогресті жетілдіру. Айналыстағы нақты ақша 
массаларының орнына несиелік карточкаларды енгізе отырып көрсетілетін 
қызметпен сатылатын тауарды несиелеу
[22, 80 б.].
Несие келесідей принципке негізделеді
:
1) Мерзімділік
-
уақытша бос ақша қаражаттары белгілі бір мерзімде 
пайдалануға
беріледі, яғни несиелік шартта
көрсетілген мерзімде несие 
қайтарылуы тиіс;
2) 
Төлемділік
-
уақытша бос
ақша қаражаттарын пайдаланғаны
үшін қарыз 
алушы пайыз түрінде төлем төлеуі қажет; 
3) 
Қайтарымдылық
-
уақытша пайдалануға
берілген ақша қаражаттары 
міндетті түрде қайтарылуы қажет;
4) Қамтамасыз етілу 
-
уақытша пайдалануға алынған ақша қаражаттары 
тауарлы материалдық құндылықтармен
қамтамасыз етілуі қажет (кепілдік заты) 
бұл алынған ақша қаражаттарын қайтарылуын қамтамасыз етеді; 
5) 
Несиені мақсатына қарай жұмсау. Алынған ақша несиелік шартта 
көрсетілген мақсатқа жұмсалуы қажет. Егер несие несиелік шартта көрсетілге 
мақсатқа жұмсалмаған жағдайда қарыз
беруші несиенің уақытынан бұрын 
қайтарылуын талап етуге құқылы.
Несиенің келесідей негізгі екі
формасы бар

Коммерциялық несие
-
бір 
тауар өндірушінің, екінші
тауар өндірушіге сатылған
тауардың төлемін кейінге 
қалдыра отырып қарыз беру. Банктік несие 

ол банкте шоғырланған уақытша 
бос ақша құнының есебінен қайтарылу негізінде ақша түрінде
берілетін несие. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет