Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/132
Дата20.10.2023
өлшемі3,06 Mb.
#119864
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

4-тапсырма
Сіз не дейсіз? Ой бөлісіңіз. 
 
а) Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік 
қажет. Бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, 
зор шеберлікті қажет ететін нәрсе. Сіз қалай ойлайсыз?
 
ә) Кейбір жастар мамандық таңдау ережесін білмегендіктен, өзі 
қызықпайтын 
мамандықты 
таңдайды. 
Осыдан 
өз 
мамандығына 
қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері пайда болып, тіпті алдарына жоспар да 
құрғысы келмейді. Осы оймен келісесіз бе? Дәлелдеңіз. 
б) Мамандықты дұрыс таңдау үшін, өзінің жеке қасиеттерін, 
қызығулары мен икемділіктерін анықтап, оқу орындары мен түрлі мамандық 
туралы толық ақпарат алулары керек. Мамандықты дұрыс таңдаудың тағы 
қандай жолдары бар? 
в) Мамандық таңдаудағы қиындықтар мен қателіктер: бірден жоғары 
білікті мамандыққа бағыт беру; достарынан қалмау үшін мамандық таңдау; 
мамандыққа бағыт-бағдар берушілерге ауып кету; мектептегі пәннің 
мамандыққа сәйкес келуі; өзінің қабілетін, жеке қасиетін анықтай алмау, 
кемшіліктерін білмеу. Мамандықты дұрыс таңдамаудың тағы қандай 
себептері бар? 
Грамматика 
мезгіл мәнді құрылым
 -ғанда, -ған соң, кейін /уақытта/ 
шақта
құрылымдары 
Сөйлеу үлгілері: 
Университетті бітірген соң, өз ісімнің шебері болғым келеді. 
Диплом алған соң ... ... . 
Жоғары оқу орнына түскеннен кейін ... ... . 
Құжаттарымды тапсырғаннан кейін ... ... . 
 


39 
5- тапсырма
. Сөйлемдерді үлгі бойынша өзгертіңіз, мезгіл мәнді -ғанда, -
ған соң, кейін /уақытта/ шақта құрылымдарын пайдаланыңыз. 
Үлгі: Мамандықты дұрыс таңдау. Үлкен жетістікке жету. 
Мамандықты дұрыс таңдағанда, үлкен жетістікке жетер еді.
 
Жұмысқа тұру. Жауапкершілікті сезіну. 
Университетті бітірдік. Диплом алдық. 
Түнгі уақыт. Балаларға көшеде жүруге болмайды. 
Жастық шақ. Алған білім тасқа басқан мөрмен тең. 
Орманға бару. Жеуге жарамды жидектерді жинаймыз. 
Отбасын құру. Арман-мақсаттарға бірге қадам басуы керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет