Республикасы Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет77/132
Дата20.10.2023
өлшемі3,06 Mb.
#119864
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132
Байланысты:
В1. Қазақ тілі. Асанова, Абдуова, Әділбек, Мағзұмбекова

Айтылым 
8-тапсырма.
Бейнежазбаны көріп, қандай сипаттағы ақпарат 
алғаныңызды, режиссердың негізгі айтпақ ойын қалай түсінгеніңізді 
баяндап беріңіз. 
 


88 
қазақ халқы kazakh 
kazak казах.avi.mp4
 
 
9-тапсырма. 
Бейнежазбадан алынған суреттер бойынша өз пікіріңізді 
айтыңыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 10-тапсырма. Топтық жұмыс. 
Қазақ елінің қазіргі даму бағыты, 
болашақтағы міндеттері, халықтар достығы жайында сұхбат 
дайындаңыздар.
 
6.4. СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ 
 
Тыңдалым. Айтылым 
 
11-тапсырма. 
Тыңдаңыз. Сөз және сөз тіркестерімен танысыңыз
.
 
 
Түрткі болу, намысын қорғау, спорт шебері, жеңіл атлет, қол жеткізу, 
алтын әріппен жазылу. 


89 
12-тапсырма
.
 
Ойтүрткі сұрақтарға жауап беріңіз. 
 
1. Спорттың маңызы дегенді қалай түсіндіресіз? 
2. Сізге қандай спорт түрі ұнайды? Неге? 
3. Ел спортын дамытуға қатысты сізде қандай ұсыныс бар? 
Оқылым. Айтылым 
 
13-тапсырма.
Мәтінді оқыңыз.
Қазақ жеріндегі спорт түрлері қалайша қалыптасты? Осы сұраққа 
жауап табу үшін қалың тарихты парақтай отырып, ұлан-байтақ жерімізде 
спорттың дамуына түрткі болған оқиғалардың кейбіріне тоқталайық. 
Көне заманнан бастап, халқымыз 
садақ тарту, бәйге, күрес, сайыс
сияқты көптеген спорт түрлерімен айналысып, өздерінің рухани 
байлықтарын толықтырып отырған. Ата-бабаларымыз әрдайым ұлттық спорт 
түрлерін, дене жаттығуларын жетілдіріп, оларды кейінгі ұрпаққа 
насихаттаған. Әр елдің, жүз бен болыстың өз батыры, балуаны мен аты 
шыққан мықты спортшысы, мергені болатын. Олар өз руының намысын 
қорғап, қарсыласын жеңу үшін барлық күштерін аямайтын. 
1932 жылы Алматы қаласында дене тәрбиесі техникумы ашылады. Ал 
1934 жылы Орта Азия мен Қазақстан спортшылары арасында 1-спартакиада, 
сондай-ақ мектеп оқушылары арасында бүкiлқазақстандық 1-спартакиада 
өткізілген. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында қазақ жерінде 
спортшыларының саны 150 мыңға жеткен, олардың 25 пайызы қазақтар еді. 
Соғыс жылдарында әскери-спорт кадрларын даярлауда көп жұмыс 
атқарылып, елiмiзде 1,5 миллионға жуық әскери-спорт мамандары 
тәрбиелендi. 1945-56 жылдары денешынықтыру ұйымдары дамып, 
тәрбиешілердің біліктілігі жоғары деңгейге жеткен. 1945 жылы Алматыда 
дене тәрбиесі институты бой көтеріп, спорт саласында біліктілігі жоғары 
мамандар көбейе түскен. 1946 жылы Шоқыр Бөлтекұлы «Спартак» қоғамы 
бойынша бокстан КСРО чемпионы атанып, қазақ жастары арасында бiрiншi 
болып спорт шеберi деген дәрежеге жеттi. 1956 ж. Мәскеуде КСРО 
халықтарының 1-спартакиадасы өттi. Қазақстан спортшылары 1956 жылдан 
бастап, олимпиадалық ойындарға да қатыса бастады. Қазақ жастары 
арасынан шыққан жеңiл атлет Ғ.Қосанов 1960 жылы эстафеташылар 
жарысында күмiс жүлдеге қол жеткізді. 
Бұлар – қазақ спортындағы жетістіктердің бастауы ретінде саналатын 
оқиғалар тізбегінің бір бөлігі ғана. Қазіргі таңда қазақ спорты айтарлықтай 
ұзақ кезеңді бастан өткере отырып, өзінің үздік нәтижелерін беріп келеді.
(https://massaget.kz/layfstayl/sport/makala/485/ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет