3. Өршіткі таңдау. Ең белсенді өршіткі - платина. Бірақ ол
қымбат әрі өртелген газдың қоспасымен, әсіресе мышьякпен тез
уланатындықтан
қолданыстан
шығып
қалды.
Ванадий
өршіткісінің белсенділігі төмендеу (платинаға қарағанда), бірақ
арзан өрі мышъяк қосылыстарымен улануы 1000 есе кем.
Сондықтан күкірт қышқылын өндіруде өршіткі ретінде ванадий
қолданылады. Кәдімгі ванадийлі өршіткі - кеуекті таблеткалар
немесе сақина тәрізді түйірлер күйінде болады.
Үшінші саты: сіңіру аппаратында SO3-тің күкірт қышқылына
сіңірілуі жүзеге асады. Неге күкірт (VI) оксиді суға сіңірілмейді?
2SO2 + 1O2 = SO3 +92 кДж.
Егер күкірт (VI) оксидін сіңіруге суды қолданса, күкірт
қышқылының өте ұсақ тамшыларынан тұратын тұман пайда
болады (күкірт оксиді суда ерігенде өте көп жылу бөлінеді де,
күкірт қышқылы қатты қызғандықтан қайнап, буға айналады.
Сондықтан күкірт (VI) оксидін сіңіруге концентрлі күкірт
қышқылын (98%) қолданады. Судың мөлшері өте аз болғандықтан
(2%), сұйықтықтың қызуы әрі әлсіз, әрі қауіпсіз болады. Күкірт (VI)
оксиді мұндай қышқылда жақсы еріп, олеум түзеді. Бұл
процестің реакция теңдеуі:
nSO3 + H2SO4 = H2SO4 * nSO3
Күкірт қышқылын тасымалдау
Алынған олеум металл контейнерлерге құйылады және қоймаға
жөнелтіледі.
Цестерналарды олеуммен,
теміржол арқылы тұтынушыға жіберіледі.
Күкірт қышқылы өндірісінің толық процесі
|