Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


 Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс жəне тұрмыстық қалдық



Pdf көрінісі
бет110/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

2. Биотехнологиялық үдерістерді өндіріс жəне тұрмыстық қалдық
суларын тазартуда пайдалану
Қазіргі кезде газ тəрізді жəне сұйық отын алу, металлургиялық кəсіпорындардың
қалдық ағын суларынан металдарды бөлу, тұрмыстық жəне өнеркəсіптік қалдық
суларды тазалау мен ластану деңгейін қадағалауға арналған арнайы жабық бөліктер
(клеткалар) құру үшін, микроорганизмдердің тіршілік ету үдерістерін пайдаланатын
өнеркəсіп салалары дамуда.
Ағынды суларды ластандыратын заттардың табиғаты жəне концентрациясы,
оның шығу көзіне байланысты болады. Ластанған суларды шығу тегіне байланысты
өнеркəсіптік
жəне
тұрмыстық
деп екіге бөледі. Тұрмыстық ағынды сулар көбінесе
көшедегі қалдық қоқыстар, тамақ қалдықтары, кір жуғыш заттар жəне
экскрименттермен ластанады. Олар суда
суспензияланған
,
қатты
жəне
ұшқыш
заттар
түрінде кездеседі. Суспензияланған жəне қатты заттардың көп бөлігі
целлюлазалық қосылыстар болып келеді. Ластағыш органикалық компоненттерге
май қышқылы, көмірсутектер жəне ақуыздар жатады. Осы заттардың ыдырауы
нəтижесінде түзілетін өнімдер тұрмыстық ағын суға жағымсыз иіс береді Бұл
сулардың микрофлорасы əртүрлі болып келеді. Оның құрамына түрлі топырақ жəне
ішек микроорганизмдерінің аэробты, облигатты жəне факультативті анаэробты
түрлері, бактериялар, ашытқылар, саңырауқтар жəне вирустар кіреді. Осы заттардың
ыдырауы нəтижесінде түзілетін өнімдер де, тұрмыстық ағынды суға қосымша
жағымсыз иіс береді.
Тұрмыстық
ағынды суларды ластайтын заттардың концентрациясының кең
таралаған көрсеткіштерінің бірі – оттегіне биохимиялық қажеттілік (ОБҚ) жəне
оттегіне химиялық қажеттілік (ОХҚ) болып саналады.
Оттегіне биохимиялық қажеттілік көрсеткіші
(ОБҚ) – белгілі уақыт ішінде,
20
0
С-тағы ағын судың өлшеулі көлемі сіңіретін еріген оттегі мөлшеріне тең.
Оттегіне химиялық қажеттілік
(ОХҚ) – қышқылданған ыстық калии
бихроматты ерітіндісінен ағынды су үлгісінің 1 литрі сіңіретін оттегінің мг санына
тең.
Өндіріс
суларын өңдеуде биоадсорбенттерді əртүрлі əдістермен –
биофильтрант, қабықша (пленка), түйіршік (гранула) жəне т.б. түрінде тірі жəне өлі
микробтық жасушалар негізінде дайындауға болады. Бірақ биоадсорбцияның
экономикалық құндылығы – биоаккумуляторлардың спецификалық активті
қабілеттілігіне, белгілі металдарды көп мөлшерде сорбциялау жəне металды бөліп
алу үдерісінің арзандығына негізделеді. Металдарды бисорбциялау əдісін
металлургия өнеркəсібінің қалдық суларын металдардан тазалау үшін тиімді
қолдануға болады. Мұндай мақсатқа
Citrobacters, Zoogleoa ramigera
бактериялары
мен жасушадан тыс, полисахаридтер пайдаланылады жəне олар су құрамындағы
уран, кадьмий, кремний сияқты зиянды металдардан арылтуға мүмкіндік береді.
Суды сипаттау үшін мынадай көрсеткіштер: фосфорлы (жалпы фосфордың),
азотты (жалпы азоттың) жəне супензияланған ерімейтін заттардың концентрациясын
анықтау қолданылады. Өнеркəсіптік ағынды сулардың шығу тегін олардың құрамы
арқылы анықтайды. Сүт өндірісі өнеркəсібінен қалған қалдық ағынды суларында –
көмірсулар, ақуыздар, майлар; сыра қайнатудан кейін – көмірсулар, ақуыздар; мұнай


184
өндіруші өндірістерден – фенолдар, көмірсутегілер, күкірт қосылыстары,
формальдегид, аммиак жəне цианид сияқты улы заттар кездеседі. Қалдық ағынды
сулар, біріншіден, су қоймаларын мекендеуші тірі ағзаларға зиян келтіреді,
екіншіден, қалдықтарды өңдеудегі аэробты жəне анаэробты үдерістерге қатысатын
микроорганизмдердің қырылуына əкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет