Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет150/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Стерилизациялық блок
– құрал-жабдықтарды стерильдеуге арналған орын.
Субпротопласт
(лат. sub - астында) – протопластың бөлігі, цитоплазмалық
мембранамен қоршалған, құрамында кейбір органоидтары бар.
Суперовуляция
– қосымша фолликулалар өсіп-жетілуі мақсатында, донор
аналығына гормоналды əсер ету тəсілі
Суперовуляцияланған ооциттер
– экзогормондармен əсер ету арқылы донор
аналығынан алынған ооциттер.
Суперовуляциялану деңгейі
– гормоналды егілген аналықтың бір циклінен
алынатын қосымша овуляциялардың мөлшерін білдіретін көрсеткіш.
Т
Тəжі тəрізді өсінді
(ағ. crown gall) – қос жарнақты өсімдіктердің ісік ауруы,
жарақаттанған өсімдіктерде топырақ бактериясы
Agrobacterium tumefaciens
инфекция əсерінен пайда болады.
Термостат
– температураны бір қалыпта ұстап тұруға қажетті қондырғы.
Термостат

инкубатор
– гаметалар мен эмбриондарды өсіруге жəне
гаметалардың табысты ұрықтануына жағдай жасалынған арнайы қондырғы.
Тотипотенттік
(лат. totus – барлығы, тұтас, potencia - күш) өсімдіктердің
денелік (сомалық) жасушаларының өсуге қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни
ядродағы генетикалық информация негізінде организм түзу мүмкіндігінің іске
асырылуы.
Трансгенді хайуандар
– ағзасына жат текті ДНҚ ендірілген тірі жан иелері.
Транскрипция
– информациялық РНҚ-ның РНҚ тізбегінде түзілу үдерісі.
Трансляция
– информациялық РНҚ молекуласындағы тізбектелген
триплеттер негіздерінің полипептидтік тізбектегі амин қышқылдар қатарына
аударылу механизмі. Трансляция үдерісінің болуы нəтижесінде ақуыздардың
синтезі жүреді. Трансляция кезінде амин қышқылдары полипептидтік байланыс
жасап, полипептид түзіледі.


267


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет