Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет35/159
Дата20.10.2023
өлшемі4,09 Mb.
#119967
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159
Байланысты:
биотехнология кітап

Аз тоннажды өндірісі
жоғарғы физиологиялық қасиеттерге ие (дəрумен,
фермент) күрделі құрылымдық заттар мен бактериялық заттар алуға байланысты
жүретін микробиологиялық синтез үдерісіне негізделген. Аз тоннажды өндірісте
микроорганизмді терең дақылдау əдісі пайдаланылады, сондықтан қолданылатын
қоректік орталарды, қоспаларды, аэрацияланатын ауаны залалсыздандыру, жұмыс
орындарының гермитизациялануы жоғары талаптарға сай орындалуы қажет.
Микробиологиялық синтездердің өнімдерін 3 түрге бөледі:


63
1. Негізгі активті компоненті ретінде тіршілік етуге қабілетті, тірі
микроорганизмдерден тұратын биологиялық дəрмектер (өсімдіктерді қорғайтын
заттар, бактериялы тыңайтқыш заттары, ұйытқылары жəне т.б.).
2. Инактивирленген жасушалар жəне олардың өңделген өнімдерінен құрылған
биологиялық дəрмектер (азықтық, ашытқылар, саңырауқұлақтың мицеллиялары).
3. Микроорганизмдер метаболизмінің тазаланған өнімдері негізіндегі
биологиялық өнімдер (дəрумендер, амин қышқылдары, ферменттер, антибиотиктер).
Бұл өнімдерді химиялық табиғатына жəне өндіруші түріндегі (продуцент)
микробтық жасушалар үшін мəніне байланысты 3 топқа бөледі:
1
.
Молекулалық массасы 10000-нан бірнеше мыңға дейінгі үлкен молекулалық
заттар (ферменттер, полисахаридтер).
2
.
Бірінші реттік метоболиттер, яғни микрооргизмдер өсуі үшін қажетті
қосылыстар (амин қышқылдары, дəрумендер, пуринді жəне пиримидинді
нуклеотидтер жəне т.б.)
.
3. Екінші реттік метаболиттер, яғни микроорганизмдердің өсуіне қажетсіз
қосылыстар (антибиотиктер, токсиндер, алкалоидтар).
Бірінші жəне екінші реттік метаболидтің молекулалық массасы 15000
дальтоннан аспайды.
ТМД елдерінде жемдік азық ретінде ағаш гидролизаты жəне мұнай
көмірсутегі негізіндегі микробтық ақуыздың көп тоннажды өндірісі құрылған.
Мұндай өндірістегі ашытқылардың бір жылдық жалпы өнімі 1 млн. тоннаға тең деп
есептелінеді. Бұл өнімде, шамамен, 20 млн. тонна аралас жемдік азықты жəне тауық
шаруашылығы мен шошқа шаруашылығында қосымша 1 млн. тонна етті ақуызбен
байытуға мүмкіндік беретін 60%-ға жуық протеин болады. Сонымен бірге көптеген
дəрумендер, амин қышқылдарынан – лизин, активтендіретін жəне антибактериялық
əсері бар микробиологиялық дəрмектер, бактериялық тыңайтқыштар, ферментті
дəрмектерді өндіру жолға қойылған.
Биотехнологиядағы техникалық дамудың негізгі критериялары ретінде –
субстратты терең өңдеу, максималды шығымдылық жəне өнімнің химиялық
тазалығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет