102
дəрмектер сырт жағы қатқылданып келетін, белгілі дəрежеде өткізгіштік қабілеті
бар, микросфералар болып табылады. Бұлардың қолданылу ауқымдары өте кең.
Осындай жолмен жасалынған «жасанды жасушалар» ретінде микрокапсулаларды
айтса болады. Мұндай капсулалардың ішінде орналасқан ферменттер ағзадаға
сұйықтықтар мен ұлпалармен тікелей əрекетке түспейді жəне протеиназалармен
ыдыратылмайды, сондықтан иммундық жауап реакциясын да қоздырмайды.
Бұлардың негізгі артықшылықтары ретінде оларды қажетті жерге, мысалы ісіктің
қасына апарып орнату мүмкіндігін айтуға болады. Ішінде қажетті заттары бар ісік
жанына егілген микрокапсула, ісік ұлпаларының өсуіне қажетті метаболиттерді
пайдаланады, сөйтіп оларды қорек көзінен ажыратуы арқылы өсуіне кедергі
келтіреді.
Капсулалар құрамында ұлпалардың микроскопиялық бөліктері болуы мүмкін.
Мысалы, көкбауырдағы инсулин синтездейтін Лангерганс аралшықтарын
микрокапсулаға орнатып, ағзаға имплантация жасау арқылы, тұрақты түрде инсулин
бөліп тұратын «депо» жасау жөнінде тəжірибелік жұмыстар өз жалғасын табуда.
Осының арқасында сусамырмен науқас адамдар күнделікті инсулин гормонын егу
қажеттілігінен құтылар еді. Микрокапсуланың ішіне магнитті заттардың бөлшектері
ендірілуі мүмкін. Сөйтіп, ағзаға ендірілген микрокапсуланың сырт жағынан (ағзадан
тыс) магнит өрісін жақындату арқылы, оны қажет болған нысаналы жерде ұстап
тұру мүмкіндігі туылады.
Кейбір жағдайларда капсулалардың қажетті ортада еріп, қажетсіз ортада
қапшығын сол күйінде сақтай алуы үшін, құрамына жоғары молекулалы заттар
ендіріледі. Мысалы, асқазан сөлінде бұзылмай тек қана тоқ ішекте ыдырай
бастайтын ацетилфталилцеллюлоза дəрмегінің микрокапсуласы осындай қабілетке
ие. Қазіргі кезде қапшық құрамы эритроцит қабықтарынан тұратын
микрокапсулаларды пайдалану жолдары зерттелуде. Мұндай жағдайда эритроциттер
ішіндегі заттардан босатылып, босаған жерлері ферменттермен толтырылады.
Достарыңызбен бөлісу: