Жасушалық биотехнология
– жасушалармен əртүрлі микроманипуляциялар
жасау нəтижесінде, бағалы биологиялық қасиеттері бар организмдерді алуға
бағытталған ғылым саласы. Бұл мақсатта мал шаруашылығында пайдаланылатын
негізгі зерттеу зерзаты ретінде ағзаның көбеюге арналған жасушалары (гонадалар)
алынады.
Мал шаруашылығындағы жасушалық биотехнологиясы өз құрамында бір-
бірін толықтырып тұратын екі ғылыми бағыттан құралады:
1.
Эмбриокультуральдық зерттеулер
– бөлініп алынған жасушалардың
(гаметалар мен эмбриондар) тіршілігі мен ары қарай өсіп-дамуына қажетті
жағдайларды толықтай қамтамасыз етуге бағытталады. Эмбриокультуральдық
зерттеулердің негізгі міндеттеріне:
А) гаметалар мен эмбриондарды өсіру (культивирование),
Б) гаметаларды экстракорпоралды ұрықтандыру,
В) гамета мен эмбриондар банкін жасақтау,
Г) қоректік орталар жасау мен оларды жетілдірулер кіреді.
2. Жасушалық технологиялар
– бағалы, яғни генотипі «құрастырылған» малдар
шығару мақсатында ядро мен жасушалық деңгейінде атқарылатын жұмыстар.
Жасушалық технологиялардың мал шаруашылығындағы негізгі міндеттері
қатарына:
А) денелік жасушаларын (соматикалық) гибридтеу;
Б) клондау;
В) химерлі жануарлар жасау жұмыстары жатады.
Молекулалық биотехнология
– мал организмінде жаңа генетикалық
бағдарламалар алу мақсатында тұқым қуалаушылық белгілеріне молекулалық
деңгейде «түзетулер» енгізу. Мұндағы негізгі зерттеу зерзаты ретінде нуклейн
қышқылдары (ДНҚ жəне РНҚ молекулалары) алынады. Молекулалық
биотехнология екі бөлімнен құралады:
1.
Генетикалық инженерия
– тек қана жекелеген генге (немесе гендерге) қатысы
бар. Генетикалық инженерияның негізгі міндеттері қатарына мыналар жатады:
А) гендерді синтездеу немесе бөліп алу мен модификациялау;
Б) рекомбинантты молекулаларды құрастыру жəне клондау;
149
В) генотип банкін (геном библиотекасын) жасақтау.
2. Генетикалық трансформация –
гендерді тасымалдауға негізделеді. Бұл
жұмыстардың негізгі міндеттеріне:
А) реципиентке генді ендіру;
Б) трансфоранттарды іріктеу мен сараптау;
В) гендер интеграциясы мен экспрессиясы;
Г) бағалы заттарды продуценттеушілерді жəне трансгенді хайуандар жасау
жатады.
Мал шаруашылығындағы биотехнологиялық жұмыстарының орындалу реті
жоғарыда аталған үш əдістердің (суперовуляция, қолдан ұрықтандыру мен эмбрион
тасымалдау) тығыз байланыстылығы арқылы жүзеге асырылады. Мысалы,
малдардың генетикалық жағынан бағалы эмбриондарын алу үшін, көбейтуге
бағытталған биотехнологиялық əдістері (суперовуляция, ұрықтандыру мен
эмбрионды шайып алу) қолданылғаннан кейін, алынған эмбриондар сұрыптаудан
өткізіліп, кейіннен молекулярлық (трансгеноз) жəне жасушалық (клондау)
микроманипуляцияларына ұшыратылады. Кейіннен «құрастырылған» эмбриондарға
in vitro
жағдайында «реанимациялық» жағдай туғызылып, сапалық белгілері
бойынша бағаланғаннан кейін (жасушалық селекция), соңғы кезеңі – генетикалық
бағалы ұрпақ алу үшін дайын эмбрионды реципиент аналығының жатырына
қондырылуымен (трансплантация) аяқталады.
Сонымен, молекулалық биотехнология, жасушалық биотехнология мен көбею
биотехнологиялары, мал
шаруашылығында
малдардың
гаметаларында,
эмбриондары мен ағзаларында жинақталған биотехнологиялық қорларын анықтау
мен
пайдалануға
мүмкіндік
беретін
жаңа
ғылыми
бағыттарының –
эмбриоинженерия, эмбриокультура мен эмбриотрансплантацияларының пайда
болуына алып келді.
Эмбриоинженерияны
– генетикалық жағынан «құрастырылған» жəне
экономикалық тұрғыдан тиімді организмдерді алу мақсатында, молекулалық жəне
жасушалық биотехнологияларының тəсілдерін қолдану арқылы мал организміндегі
генетикалық ресурстарын алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыратын
биотехнологиялық əдіс деп қарауға болады.
Эмбриокультураны
– малдардың гаметасы мен эмбриондарынан физиологиялық
қорларын (ресурс) алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыратын жəне
олардың тіршілігінің сақталып қалуы мен
in vitro
жəне
in vivo
кездерінде қолайлы
жағдайлар
тудыруға
бағытталған
мал
шаруашылығында
қолданылатын
биотехнологиялық əдісі деп айта аламыз.
Эмбриотасымалдау (трансплантация) –
бағалы генотипті малдарды барынша
тез көбейту мақсатында, жануарлардың репродуктивті жүйесінен физиологиялық
қорларын (ресурс) алудың мүмкіндіктері мен жолдарын қарастыруға бағытталған
мал шаруашылығында қолданылатын биотехнологиялық əдісі.
150
Достарыңызбен бөлісу: |