Сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек


сурет). Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата20.10.2023
өлшемі194,78 Kb.
#120012
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Новая презентация 2

сурет). Қолтық бүршік (жанама бүршік деп те атайды) жапырақ қолтығында 
орналасады. Өсімдік түріне қарай бір жапырақтың қолтығында бір немесе 
бірнеше бүршіктер (сарымсақ, қарабүлдірген) болады. Қолтық бүршіктен жан-
жаққа бұтақтар өсіп таралады.


Көпжылдық өсімдіктерде ұсақтау қолтық бүршіктер мен қосалқы 
бүршіктер ашылмай тыныштық күйге ауысады. Ол бұйыққан бүршік 
делінеді. Бұйыққан бүршіктер тіршілік қабілетін ұзақ уақыт сақтап, 
өте баяу өседі. Бұйыққан бүршіктер гүлшетен, үшқат, сары қараған
ырғай, тобылғы бұталарынан басқа көп жылдық шөптесін 
өсімдіктерде де болады.


Сабақ – өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін 
жалғастырып тұратын орталық тірек. Қызметі: 1) сабаққа – бүршік, 
жапырақ, гүл, жеміс бекінеді; 2) қоректік заттар сабақ арқылы қозғалады; 
3) органикалық заттар қорға жиналады; 4) көбеюге қатысады.Өсімдік 
сабақтары шөптекті, ағаштекті немесе сүректі болып бөлінеді.


Сабақтың түрлері өсу бағытына байланысты тік, жатаған, шырмалғыш, 
өрмелегіш, жабысқақ, қысқарған сабақ деп бөлінеді


Тік сабақты өсімдіктерге жүгері, бидай, терек, емен, қайың жəне т.б. жатады. Жатаған сабақтар (желі 
сабақ) өте əлсіз, жұмсақ. Жер бауырлап жатады. Мұртшалары арқылы ұзарып өседі. Мұртша да желі 
сабақ тобына жатады. Мұртшаның желі сабаққа қарағанда буынаралықтары ұзын жəне топыраққа 
жанасқан жерінен қосалқы тамыр шығады (құлпынай). Желі сабақтың буынаралықтары қысқа. 
Топыраққа жанасқан жерінен тамыр шықпайды (асқабақ, қияр, қауын, қарбыз).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет