Темирбаева,Жумабай метрология 8 срсп


Дүниежүзілік сауда ұйымы: негізгі ережелер мен нормалар



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.10.2023
өлшемі0,8 Mb.
#120218
1   2   3
Байланысты:
Темирбаева,Жумабай МЕтрология 8 срсп

Дүниежүзілік сауда ұйымы: негізгі ережелер мен нормалар
 ДСҰ халықаралық сауда жүйесінің ұйымды-құқықтық негізін құрайды. ДСҰ көп жақты сауда
келіссөздерінің Уругвай кезеңі 1993 жылғы 15 желтоқсанында аяқталып, 1994 жылдың сәуір айында
қол қойылғаннан кейін 1995 жылдың 1 қантарында құрылды. ДСҰ Тарифтер мен сауда жөніндегі бас
келісімнің (ГАТТ) мұрагері болып табылады.
 ДСҰ-ның ГАТТ-тан айырмашылығы мемлекеттердің ұлғайтылған қатарында (150 ел 2007 жылдың
қаңтар айы ) ғана емес, сондай-ақ, өзі қатысатын іс-әрекетінің кеңейтілген көлемдерінде. ГАТТ тек
тауарлар саудасы саласында ғана әрекет етсе, ДСҰ тауарлар мен қызметтер саудасын, сондай-ақ
зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтиды. Сонымен қатар, ол келіссөздер мен келіспеушілік
түзету барысында елдер арасында сауда қарым-қатынасты қалыптастыратын форум болып табылады. 



Біздің елімізде бәсекеге қабілетті сектор тек табиғи ресурстардан алғашқы өнімді
шығару, өңдеу, өндіру саласында ғана бар. Біздің экономикамыздың басқа салалары бәсекеге
қабілетсіз, әсіресе бұндай жағдайда ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпті айтуға
болады. Қазақстан ДСҰ-ға кіргісі келіп еді, бірақ бұл пайда әкелуі екіталай. Қайрат
Келімбетовтің айтуы бойынша, ДСҰ-ға кіру ел экономикасына әртүрлі ауыртпашылықтар
тигізеді. Шетелдіктер үшін арнайы ішкі нарықтар ашу керек, бұдан мемлекет басты мәселе
– ішкі нарықты қорғау мүмкіндігінен айырылады. Кейбір мамандардың айтуы бойынша ДСҰ-
ға кіру Қазақстан үшін халық шаруашылығының кейбір салаларының құлдырауына және
жойылуына әкеледі.
ДСҰ-ның қарсыластарының айтуы бойынша – бұл ұйым тек трансұлттық корпорацияларға
көп көңіл бөледі, ал жәй адамдарға қол ұшын бермейді. Мысалға, АҚШ осындай жағдайды өз
мүдделерін қорғауға пайдаланады.


Басты жағымды фактор - әлемдік нарыққа кірудің жаңа мүмкіндіктерінің ашылуы. Таң
қалдыратын жәйт – Үндістандағы Бангалор қаласы, американдық корпорация контрактілері
негізіндегі әлемдегі ең үлкен бағдарламалық қамтамасыз ету орталықтарының біріне
айналды. Қазақстан тең құқылы субъект, жаңа келіссөздер мүшесі бола алады. Заңды түрде өз
елімізге қолайлы позицияларын қорғай алады. Бірақ жауапты шешім қабылдағанда Қазақстан
экономикасы жағынан бірдей дәрежедегі елдермен бір деңгейде ғана өз даусын бере алады.



ДСҰ-ға мүше болу біздің заңнамаларымыздың халықаралық нормаларға бейімделун білдіреді.
Сыртқы экономикалық келіспеушіліктерді Қазақстан ДСҰ-ның толық мүшесі ретінде арнайы
құқықтық құралдарын қолдана отырып шеше алады. Ұлттық резиденттер халықаралық
сауда деңгейіне бейімделеді және экспорттық, импорттық операциялардың трансферттік
бағалары ашығырақ, айқынырақ болады. Қазақстан нарығына бұл жағдай қолайлы.
Экономиканың шынайы секторының кейбір салалары өндірістің өркендетумен және өнімнің
бәсекелестігін көтерумен айналысады. ДСҰ-ға кіруде Қазақстанның отандық өндірісіне
ешқандай кері әсерін тигізбейді деген пікір бар, бұған келесі жағдайлар себеп болады:
біріншіден, Қазақстан өндірісі бүгінгі күні импорттық кешенді тауарларға толы,
сондықтан да әкелінетін өнімнің баж салығы шығын әкеледі; екіншіден, төмен баға мен
сапасы нашар отандық өндіріс сияқты бірде-бір шетелдік фирма өнім ұсына алмайды, себебі
олар өз мәртебесін мақтан тұтады. Сонымен қатар, теңге құнының төмендігі кез келген
импорттық баж салығынан он есе жақсы қорғалған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет