Мереке мезіреті жәрмеңКЕ


Сағына еске алып, асқа шақырушы



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата21.10.2023
өлшемі1,6 Mb.
#120376
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
1-bet merged compressed-21-2

Сағына еске алып, асқа шақырушы 
зайыбы Қарлығаш, балалары, бауырлары
ӨМІРІН ҰСТАЗДЫҚҚА
АРНАҒАН ЖАН
Байқоңыр өңіріндегі, соның ішінде Төретам кентіндегі іргелі білім ордаларының бірі – 
Байқоңыр өңіріндегі, соның ішінде Төретам кентіндегі іргелі білім ордаларының бірі – 
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы. Аты айтып тұрғандай, жай мектеп емес. 
Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясы. Аты айтып тұрғандай, жай мектеп емес. 
Қарапайым мектептерге қарағанда беделі бар осы киелі білім ордасының қабырғасы сонау 1930 
Қарапайым мектептерге қарағанда беделі бар осы киелі білім ордасының қабырғасы сонау 1930 
жылдардың соңына таяу қаланған. Бұл мектеп төретамдықтар үшін ыстық. Өйткені өңірде алғаш 
жылдардың соңына таяу қаланған. Бұл мектеп төретамдықтар үшін ыстық. Өйткені өңірде алғаш 
салынған мектеп болған соң, бүкіл ауыл баласы осы мектептен сауат ашқан. Тамыры тереңге 
салынған мектеп болған соң, бүкіл ауыл баласы осы мектептен сауат ашқан. Тамыры тереңге 
жайылған білім ұясынан көптеген шәкірт түлеп ұшты. Мектепті білікті де білімді басшылар 
жайылған білім ұясынан көптеген шәкірт түлеп ұшты. Мектепті білікті де білімді басшылар 
басқарды. Осы мектепті біршама уақыт басқарған Райхан Әлиева апайды төретамдықтардың 
басқарды. Осы мектепті біршама уақыт басқарған Райхан Әлиева апайды төретамдықтардың 
көпшілігі жақсы біледі.
көпшілігі жақсы біледі.
«Ұстаздық еткен жалықпас, үйре-
туден балаға» демекші, алдынан та
­
лай шәкіртті үкілеп ұшырған ұлағатты 
ұстаз Райхан Шаухарқызының осы 
білім ордасы үшін сіңірген еңбегі ерен. 
Бүгінде бейнетінің зейнетін көріп, 
қоғамдық жұмыстарға белсене арала
­
сып жүрген ұлағатты ұстазымызбен 
әңгімелесудің сәті түсіп еді.
Балалық шақ – әр адамның 
ұмытылмас бал күндері. Ол кімді 
де болсын сағынтпай, аңсатпай 
қоймайды. Балалық тәтті қылықтарың, 
айналаңның елжіреп, мейірім төгуі, 
бәрі де санаңда берік орнап, жаныңа 
жылу ұялататыны анық. Балалық шағы 
қасиетті Қармақшы өңірінде өткен 
Райхан апай 1967 жылы Ш.Уәлиханов 
атындағы №26 мектептің 1-сыны
­
бына оқуға қабылданады. Алғашқы 
ұстазы Әсия Шоқпарова апай бо
­
латын. Оқуын 2-сыныптан бастап 
жанұясының қоныс аударуына байла
­
нысты қазіргі Төребай би ауылындағы 
№199 мектепте жалғастырады. Мек
­
теп 8 жылдық болғандықтан 8 сы
­
ныпты 1975 жылы бітіріп, сол жылы 
Қызылорда қаласындағы М.Мәметова 
атындағы қазақ қыздар педагогикалық 
училищесінің мектеп бөліміне оқуға 
түседі.
– Ұстаз болу – менің бала күнімдегі 
арманым болатын. Сол арманның 
жетегімен 
ұстаздық 
мамандықты 
таңдадым. 
«Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің асылдығы.
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Ұстаз болу – адамның асылдығы» 
дегендей, өмірдегі көп мамандықтың 
ішінен 
ұстаздықты 
таңдағаныма 
мақтанамын. Ұстаз атана білу, оны қадір 
тұту, қастерлеу, арыңдай таза ұстау – 
әр мұғалімнің борышы. Мұғалімге тән 
ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. 
Оның адамшылық ар-ожданын, намы
­
сын, тұлғасын жасына қарамай сый
­
лау, құрмет тұту. Бұл мұғалімнің терең 
дүниетанымы мен үлкен жүрегінен 
келіп шығады. Мектептегі ұстаз – 
баланың екінші ата-анасы, болашаққа 
айқын жол сілтер ақылшысы, – дейді 
сөз арасында зейнеткер ұстаз.
Ол алғашқы еңбек жолын 1979 
жылы өзі білім алған №199 мектеп
­
тен бастайды. Өзі туған ауылда, өзіне 
білім берген ұстаздарының ортасын
­
да ұстаздық қызметін 17 жыл баста-
уыш сынып мұғалімі болып абыроймен 
атқарады. 1996 жылы жанұя жағдайына 
байланысты Төретам кентіне қоныс ау
­
дарып, №80 мектепте әуелі мұғалім, екі 
жылдан кейін оқу ісінің меңгерушісі 
болады. Бұл қызметті абыроймен 15 
жыл істеп, 2013 жылдан бастап мек
­
теп директоры қызметін 2019 
жылға дейін адал атқарып, 
зейнеткерлікке шығады.
«Отбасы – адамның ал
­
тын діңгегі» демекші, 
отбасы болашақ ұрпақ 
бойына 
адамзаттық 
қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы 
және ұлттың рухани 
байлықтарын сіңіретін 
тәрбие ошағы. 
Райхан Шаухарқызы 
1981 жылы ауылдасы 
Нұрғабыл Есқалиевпен 
отау 
құрып, 
үлкен 
шаңыраққа, 
үлкен 
әулетке келін болу бақыты 
бұйырады. Марқұм жол
­
дасы жоғары білімді ауыл 
шаруашылығы саласының ма
­
маны болатын. Ауылда ең алғаш 
рет құрылған «Жас толқын» комсо
­
мол жастар бригадасын басқарып, 
ауылдың экономикасын көтеруге 
елеулі үлес қосқан азамат болды. Ол 
«Халықтар достығы» орденінің иегері, 
Бүкілодақтық 
Халықшаруашылығы 
жетістіктер көрмесінің қола, күміс 
медальдарының иегері болды.
Отбасында 5 бала, яғни 3 ұл, 2 қыз 
өсіріп, тәрбиелеген үлгілі жа нұяның 
отанасы 
Райхан 
Шау харқызының 
бүгінде балаларының бәрі үйлі-
баранды, әрқайсысы сан салада 
жоғары қызмет етіп жүрген жайы бар. 
Немерелерінің алды мектепті «Алтын 
белгімен» бітіріп, жоғары оқу орнында 
білім алуда. 
– Отбасы құндылығы – ең алды
­
мен оның әрбір мүшесі екенін ескер
­
сек, оларды құрметтеу, қадірлеу 
арқылы үлкенге қамқор, кішіге ізет 
дегенді үйретеміз, яғни адамгершілік 
қасиетті 
қалыптастырамыз. 
Ата-
ана – отбасының алтын діңгегі, 
бастапқы дәнекері. Бала әкеден 
ақыл, анадан мейірім алады. Отбасы 
адам баласының түп қазығы, алтын 
ұясы. Отбасында адам бойындағы 
асыл қасиеттер жарқырай көрініп, 
қалыптасады. Отанға деген ыстық 
сезім 
– 
жақындарына, 
туған-
туыстарына деген сүйіспеншіліктен 
басталады. Сол себепті біз отбасы
­
мызды Отанның кішкентай бөлшегі 
ретінде қарастырамыз, – дейді ұстаз 
сөз арасында.
Ұстаздық еткен 40 жылда көптеген 
жетістікке жетіп, сан алуан марапатқа 
ие болған ұлағатты ұстаз, соның 
ішіндегі ең маңыздысы – «шәкірт 
жүрегінен орын таба алуым» деп біледі. 
Яғни, ұстаз үшін ұстаздық қызметтегі 
жетістігі – өз бойындағы бар білімі мен 
тәжірибесін шәкірттерге дарыту, со
­
ларды биіктерге жетелеу деп санайды.
Иә, қазіргі таңда құрметті демалыс-
та болса да, әр нәрсе өз уақытында 
болғаны қызық және зейнетке 
шығудың өзі үлкен абырой, зор 
бақыт деп есептейтін ұлағатты ұстаз 
үшін немерелерінің ортасында бір 
сәт демалғанның өзі қызық. Десе де 
қоғам өмірінен тыс қалуға да болмай
­
ды, араласу қажет. Апай қазіргі таңда 
Төретам кенті бастауыш ардагерлер 
кеңесімен бірлесе отырып қоғамдық 
жұмыстарды атқаруда. Алдағы уақытта 
өмірден алған іс-тәжірибесі мен ақыл-
кеңестерін кейінгі ұрпаққа орынды 
жерде бере білуді өз міндеті деп біледі.
– Өскелең ұрпағымызды ұлттық 
бағытта тәрбиелеу, ұлдарымыздың 
бойында отансүйгіштік, адамгершілік 
сезімді дарытып, қыздарымызға ина
­
батты қасиеттерді еге білуіміз қажет. 
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» де
­
ген дана халқымыз. Атасы мен әжесінің 
құшағында емес, ғаламтордың шыр
­
мауында өскен кейінгі жас буынға 
ұлттық сананы қалыптастыру жә-
не халқымыздың ғасырлар бойы 
жинақталған рухани құндылықтары 
негізінде тәлім беру бүгінгі күннің та
­
лабы. Егер біз тәуелсіздігіміз тұғырлы, 
егемендігіміз баянды болсын де
­
сек, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл 
бөлуіміз қажет, – дейді ардақты жан 
әңгіме соңында.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет