З А Т Е С І М
§ 51. Зат есім туралы түсінік
Қазақ тіліндегі сөздердің бір үлкен тобы — зат есім. Олар белгілі
нәрсенің, заттың, заттық ұғым-түсініктердің атауы ретінде қолданылады.
Мысалы:
аспан, жер, тау, тас, орман, көл, ел, халық, қала, үй, аң, құс,
арыстан, бақа, шыбын т. б.
Белгілі затқа, нәрсеге, жаратылыс құбылыстары мен қоғамдық
құбылыстарға, заттық ұғымдарға қойылған атауларды з а т е с і м
дейді.
Зат есім сөздері к і м ? н е ? деген сұрақтардың біріне жауап береді.
К і м ? деген сұрақ
қазақ тілінде адамды, адамның кәсібі мен мамандығын
және туыстық атауларды білдіретін сөздерге қойылады. Мысалы:
адам,ата,
ана, ұл, қыз, дос, жолдас, студент,оқытушы, ғарышкер ,балдыз, құдағи,
көрші, әріптес т.б.
Н е ? деген сұрақ
адамнан өзге жанды, жансыз нәрселердің бәріне де
қойыла
береді. Мысалы:
сезім,ынта,баға, оқу, емтихан,сынақ,мал, сиыр, қоян, жел,
су, аспан, жұлдыз, ғарыш т.б.
Зат есім сөздері қандай нәрселердің атауы болып келуіне
байланысты
мынандай ірі-ірі мағыналық топтарға бөлінеді: 1) адамзат, ғаламзат
атаулары
2) жалпы және жалқы зат есімдер 3) деректі және дерексіз зат есімдер 4) дара
және жинақтық мағыналы зат есімдер.
Достарыңызбен бөлісу: