1.Күн бүгін сылбыр. 2) Жол жаман (Ғ. М.). 3) Асқар заводта Сағитты
кездестірді (С. М.). 4) Оың көзінің мөлдір қаралығы, дене сымбаты мүлде
өзгеше (Ғ. М.). 5) Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ (М. М.). 6).
Жырла, тілім, өмір сырын, шық майданға, тақылда (Қ. А.). 7.) Баймахан
Жомарттың кабинетіне кірді (Ғ. М.). 7) Өзі ақын, өзі топта суырылып озған
шешен (Ғ. Сл). 9) Алдымен жүретін – Әбіш ( М. Ә. ). Сәуле екеуміздің
мақсатымыз - осы шабуылға бүкіл Қарағандыны көтеру. 11) Оның жолы -
мынау комбайн (Ә.Ә.). 12) Жұмыстан бос уақыт болатын ( Л.К.). 13) Бір қадам
шегінбе (Т. А.).
14) Түрлі күй жер мен көкте саңқылдайды,
Сұңқылдап аққу, қаздар қаңқылдайды.
Сыпылдап әуеде ойнап, төңкеріліп,
Көк мойын сұқсыр үйрек жарқылдайды (С. С.).
§ 110. Күрделі баяндауыш болатын сөз тіркестері
Күрделі баяндауыштар құрамы жағынан, негізінде, үш түрлі болып
келеді:1) Етістік күрделі баяндауыш 2) Есім күрделі баяндауыш 3) Етістік
пен есімдерден болған баяндауыш.
Достарыңызбен бөлісу: