Думандап
тойдай
тобын , дүкен қызып.
Картасын
қара жердің қайта жасап,
Тарихтың
жаңа бетін жатты сызып. (І. Ж.)
28-жаттығу
.
Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарына талдау жасап,
сөз мағынасының бұл екі түрінің ерекшеліктеріне түсінік беріңіз.
1.Барлығы дабырласып далаға беттеді. Жатар алдында таза ауада жүріп
қайтпақ болып, үлкендер де ере шықты. Балаларын машинаға отырғызып,
олар көше айналып көрінбей кеткенше, әке-шеше
соңдарынан қарап тұрды
(Қ. Жұмад. ). 2.Осынау қара дауылдың түбінде бір соғатыны хақ еді. Сол
күткен сәт те туды. Сайсүйекті сырқыратқан шешесінің зарлы үні бұл
ойлағаннан да қаһарлы, бұл күткеннен де қасіретті шықты (Қ. Жұмад. ).
3. Үйде ол күні бөтен ешкім болған жоқ.Татар әйел үй ішін жинастырып
болды да, қайтып кетті. Келімді-кетімді ешкімнің қарасы көрінген жоқ. Бар
болғаны қарт екі рет әлдебіреулермен телефонмен сөйлесті ( Ж. Ж. ).
Достарыңызбен бөлісу: