Сын есімдерден болған синонимдер:
салмақты-сабырлы-байыпты-
байсалды-ұстамды; сұлу-әдемі-көркем- көрікті-ажарлы-кескінді-келбеті;
күшті-қайратты-қарулы-әлді-мықты т. б.
Етістіктен болған синонимдер:
сауығу-жазылу-айығу; жолығу-кездесу-
ұшырасу т. б.
Тіл-тілде әсіресе зат есімдер мен сын есімдерден, етістіктерден болған
синонимдер жиі кездеседі. Бұлай болатыны әр тілдің лексикасындағы
сөздердің басым көпшілігі зат есімдер мен сын есімдер және етістіктер.
Жалпы синонимдес болып келетін жеке сөздер ғана емес, сонымен бірге
тұрақты сөз тіркестері де өзара синонимдес болып келе береді.
Мысалы, сағы
сыну, тауы шағылу, қанаты қайырылу
деген тұрақты сөз тіркестері
мағыналары жағынан бір-біріне жақын, өзара синонимдес сөз тіркестері
болып саналады. Сондай-ақ,
тайға тамға басқандай, соқырға таяқ
ұстатқандай
дегендер
« ашық, айқын
» деген мағынада бір-бірімен
синонимдес болса,
көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, қас
қаққанша
деген сөз тіркестері
« лезде, өте тез, жылдам
» деген мағынада бір-
біріне синонимдес бола алады.
Синоним сөздер тілде неғұрлым көп болса, соғұрлым тіл бай, дамыған,
оралымды болып келеді. Айтайын деген ойды дәл жеткізу үшін, ойдың
екіұшты болмай , айқын болуы үшін жалпы мағыналас синоним сөздерден
керектісін өз орнына тауып қолданудың тілде ерекше маңызы бар.
Тілде жалпы мағыналас синоним сөздер табу оңай, ал синонимдік топқа
енетін әрбір жеке сөздің мағыналық өңін , ерекшелігін танып, әр сөзді өз
орнында, өз мағынасында қолдану өте қиын.
Қазақтың ана тілінде дұрыс, әдеби тілмен сауатты сөйлеймін деген әрбір
адам тілдің жалпы сөздік құрамын, соның ішінде, ең алдымен, синоним
сөздерді, синонимдік топқа енетін сөздердің ерекшеліктерін жақсы білулері
керек.
Достарыңызбен бөлісу: