№5 (125), мамыр 023 жыл №1 бөлім Сейтказиев Руслан Умиргазиевич



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата21.10.2023
өлшемі2,53 Mb.
#120383
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
№1 Қазақстан ұстазы

Қазақстан ұстазы
26
мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырған. Сол 
идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына 
айналуда. «Күлтегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің 
нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың 
нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті 
жерсуы былай депті :Түркі халқы жоқ болмасын 
дейін, халық болсын дейін...»- деген жолдар бар. Бұл 
жерде елдің тарих сахнасынын кетпей, сақталуын 
тілейді. Мәңгілік Ел дегеніміз-мемлекеттің ғасырлар 
бойында, ірі-ірі мемлекеттер арасында бәсекеге төтеп 
бере отырып, өзінің біртұтас тарихи ұлттық идеясы, 
алға жұмылдырылған бағыты бар, өзіндік қорғаныс 
саясаты бар, сол саясатты нық сеніммен ұстануға 
рухты ел деп түсінуге болады.
Көне түркілердің «Мәңгілік Ел» идеясы үш 
негізден тұрады: оның біріншісі – көне түркі жазба 
ескерткіштеріндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, екіншісі – 
әл-Фарабидің «Қайырымдық қалада» философиялық 
шығармасында, әсіресе, бұл идеяның теориялық-
методологиялық тұрғыдан тиянақталуы және үшіншісі 
–Жүсіп Баласұғынның осы идеяны негіздеген 
«Құтты Білік» дастаны. Тоныкөк ескерткіштерінде 
мемлекеттің тұрақты болуы үшін билікті ұстап 
отырған қаған мен ақылгөй дана бірауыздылығы, 
сөз бен істің ажырамауы, елдің тұтастығы үшін 
ынтымақтың, барлық күштердің ұйықтысы болу 
қажеттігі түпкі нысана ретінде айтылады.
Ендеше, ұлттық түп тамырымызды танып-білуге 
қажетті әдеби-тарихи еңбектерді ой көзімен зерделей 
оқуға талаптануға тиіспсіз.
Қорыта келе айтар едім
Мәңгілік ел – «Қайыспаған халық» дегенді 
білдіреді.
Мәңгілік ел миф, аңыз емес, ол мың өліп, мың 
тірілген қазақтың тарихы. Бұл шындық.
Талай қиын уақыттар артта қалды. Қазір әлемнің 
өзге елдері арасында мәртебелі орындамыз.
Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», 
«Алла» сөзінің мағынасын білдіреді.
Осы ретте «Мәңгілік Ел», Алла Тағаланың 
елі, халқы дегенді білдіріп тұрғандай! деп сөзімді 
аяқтаймын.
Рақмет.
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Ақылдың кені /Ұлағатты сөздер/-Алматы, 2008 
жыл. 
2. «Қазақстан тарихы» әдістемелік журнал
3. В.Ф.Шаталов «Тірек-сызбалары», Алматы, 
1989жыл
4. Педагогикалық ізденіс. Алматы, Рауан, 1983 
жыл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет