А. Соловьева, Б. Ибраимова



Pdf көрінісі
бет118/250
Дата23.10.2023
өлшемі3,37 Mb.
#120642
түріОқулық
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   250
Байланысты:
httpsokulyk.kzwp-contentbooks311311.pdf 2

Буындарды жіктеу. 
Буындарды белгілеріне байланыс ты емес, қатар 
бойынша ажыратады. Осы айырмашылықты нақтырақ қарастырайық.
Сүйек саны бойынша буындар 
жай
және 
күрделі
болады. Жай буын 
тек екі сүйектен түзілген. Мысалы, иық буыны. Күрделі буын үш және 
одан да көп сүйектен тұрады. Мысалы, жақ сүйек буыны. 
Буын бетінің пішіні бойынша буындар эллипс тәрізді, жайпақ, ершік 
тәрізді, шар тәрізді және т.б. болып бөлінеді. Бірақ алғашқы екі жіктеу 
буын қызметіне емес, құрылысына қатысты. 
Белгілі бір қозғалыс жасауға болатын ось саны бойынша жіктеледі. 
Ең қарапайым буындар – 
біросьті
буын. Онымен адам тек бір жазықта 
қозғалыс жасай алады. Әдетте, бұл буын дардың пішіні цилиндр тәрізді 
болады. Мысалы, саусақ сүйектерін өзара байланыстыратын буын неме-
се шынтақ және кәрі жілік сүйектерін байланыстыратын жоғарғы буын 
(75, 76-суреттер). 
Екі осьті буын қарама-қарсы екі бағыттағы, бірақ бір жазықтағы 
қозғалысты қамтамасыз етеді. Оны түзетін сүйек бетінің пішіні бойын-
2
3
7
8
1
4
5
6
9
1
2
5
6
3
4
75-сурет. 
Бiлезiктiң байламдары мен 
буындары 
(алақанның үстіңгі беті): 
1 – 4 – білезік байламдары; 5–6 – ала-
қан байламдары; 7 – алақан бөлімінің 
сүйектері; 8 – алақан бөлімінің байлам
-
дары; 9 – V саусақтың алақан-саусақтар 
байламы 
76-сурет. 
Аяқ басы байламдары 
мен буындары:
 
1 – жіліншіктераралық алдыңғы байлам;
2 – өкше-шыбық сүйек байламы; 3 – дельта 
тәрізді байлам; 4 – толар сақ байламдары; 5 – 
табанның ортанғы бөлімінің байламдары; 6 – 
башпайаралық буындар мен байламдар
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Кни а
е
ста ена
иск
чите н
б аз ате н х
е
х
с
асн
иказа
инист а
б аз ани
и
науки
ес уб ики
Казахстан
т
17 
а
2019 
а
217


142
ша мұндай буындар көбінесе эллипс тәрізді немесе ершік тәрізді болады. 
Мысалы, кәрі жілік-білезік, астыңғы жақ сүйек, тізе буындары (77-су-
рет)

Үш­ осьті­
буындар ең қозғалмалы буындар болып саналады. Олар 
қозғалысты үш бағытта жүзеге асыра алады: бүгу-жазу, ішке және сыртқа 
қарай айналдыру, түсіру-көтеру. Ең қозғалмалы буындар – шар тәрізді 
шынтақ буындар (78-сурет). Мысалы, жамбас-сан және иық буындары. 
Егер сүйек басының пішіні кесілген шарға ұқсаса (төс омыртқалары 
өсінділері арасындағы буындар), тегіс буын да үш осьті буын бола алады.
Екі және үш осьті буындарда айналу қозғалыстары жүзеге асады. 
Бұл жағдайда буынға бекітілген айналатын сүйектер конусты сипаттай-
тын сияқты болады. 
Жартылай­буын
деп аралығында саңылауы бар шеміршекті байланыс-
ты атайды. Бұл кезде буын қабы түзілмейді. Жартылай буын қозғалмалы 
және жартылай қозғалмалы байланысу арасындағы өтпелі форма болып 
табылады. Жартылай буындар: төс сүйегінің, омыртқааралық дискілері 
және шат сүйегінің аралығында кездеседі. 
Шеміршек­дискілері­мен­шеміршек­астары,­ұсақ­буын­сүйектері,­
жай,­күрделі,­бір­осьті,­екі­осьті,­үш­осьті,­жартылай­буын.


3
2
78-сурет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет